ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

МАМАНДАР СУҒА ШОМЫЛУ РӘСІМІНДЕ АБАЙ БОЛУДЫ ЕСКЕРТЕДІ

18:27, 17 қаңтар 2020

19 қаңтар православиелік  дін өкілдері Крещение мерекесін атап өтеді. Бұл күні христиандар суға шомылу рәсімін орындайды. Ақмола облысы аумағында аталған күнге орай жүргізілген дайындық барысы туралы келесі материалда.  

РКС: Биылғы жылы Ақмола облысы аумағында суға шомылуға арналған 54 арнайы ойық дайындалған. Діни рәсімді орындап суға шомылғандардың жылынып, киім ауыстыруы үшін көліктер, автобустар мен арнайы дүңгіршектер қойылмақ. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы Алексей Советовтың  айтуынша, бұл орындарда құтқарушылар мен медицина қызметкерлері кезекшілік жасамақ.  

АЛЕКСЕЙ СОВЕТОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Бұл күндері Қопа, Зеренді, Щучье, Бурабай көлдерінде, яғни адам көп жиналып, суға түсуі мүмкін деген орындарда құқық қорғау, денсаулық сақтау, жергілікті атқарушы орган өкілдері болады. Олар күндіз-түні кезекшілік атқармақ және қоғамдық тәртіпті бақылап, қажет болса мамандар медициналық көмек көрсететін болады.

Мамандар суға шомылу рәсіміне барынша дайындықпен келу қажеттігін айтады. Өйткені, кей адамдар бұл рәсімді орындауға спирттік ішімдік ішіп, масаң күйде келеді, ал ол адам өміріне аса қауіпті,- дейді. Христиандардың діни рәсімі қаңтардың 18-нен 19-ына қараған түні басталмақ.  

М.АЙБАБИНА, ОКСАНА МАТАСОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЕЬВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...