ШҰҒЫЛ! 23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ Толығырақ

МАС ЖҮРГІЗУШІЛЕР ҮШІН ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ

15:40, 14 қаңтар 2020

11 қаңтардан бастап Қазақстанда мас күйде көлік тізгендегендер үшін жаза күшейтілді. Удай мас болып рөлге отыратындардан қандай қауіп төніп тұр? Осы мәселенің жәй-жапсарын әріптесім Абзал Азаматұлы толығырақ тарқатады.

Ақмола облысында 2019 жылы мас күйде көлік жүргізіп, құқық бұзған жандардың саны 1000-нан асып жығылады. Сонымен қатар, 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Осындай олқылықтардың алдын алатын заңның күшіне енгеніне ақмолалықтар да қолдау танытты.

РУСЛАН ӨМІРЖАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Бұл заңды  әрине қолдаймын. Ең алдымен халықтың қауіпсіздігі сақталды.  Осы ретте халық үшін бұл заң өте тиімді. Осы заңның күшейгенін бұрыннан күтіп жүр едім                                                                              ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Мен мысалы, мас күйде көлік жүргізген  адамдарды жазалап жатса қолдаймын. Неге олар қала көшелерде жүруі тиіс? Бұл адам өміріне қауіп төндіреді. Ал, ондай жандарға жазаныңда  ең қатаңы болуы керек деп есептеймін.

Мас  күйде көлік тізгіндеген жүргізушілерге ең қатаң жаза 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Ал, дәл осылай  мас күйде  жол-көлік оқиғасын жасап, адам өміріне қауіп төндірсе жүргізуші мәңгілікке көлік жүргізу құқығынан айырылады

ТАЛҒАТ КІШКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ТӘЖІРИБЕ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

Мемлекет басшысы "Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер енгізу туралы" заңды  қабылдады. Ағымдағы жылы мас күйде көлік жүргізген  жүргізушілер  25 тәулікке қамалып және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру қарастырылған. Сол ескертуден кейін мас күйде қайта рульге отырған жүргізушіні  өмір бойы  көлік жүргізу құқығынан және 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Айта кету керек, тек 11 және 12 қаңтар күндері жол патрульдік полиция қызметкерлері облыс орталығында  автокөлікті мас күйінде басқарған  4 азаматты құрықтаған, оның ішінде екі жүргізуші тиісті құжатсыз болған.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, ОКСАНА  МАТАСОВА,  ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ,  КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
19:16, 23 қазан 2020
АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
18:25, 23 қазан 2020
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...