ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

МАСКА ТАҒУ ТӘРТІБІНЕ БАҒЫНБАҒАНДАРҒА ЖАЗА ҚАТАҢ

19:53, 6 тамыз 2020

Диктор кадрда: Шілденің 30-нан бастап тұрғындар көшеде де маска тағып жүрулері тиіс. Бұл режимді бұзған жағдайда 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Еліміздің денсаулық сақтау Министрі масканы бәрінің бірдей тағуы міндетті емес екендігін мәлімдеді. Бұл санатқа кімдер жатады? Әріптесім Мақпал Айбабина баяндайды.     

РКС: Медициналық тұрғыдан алғанда қарсы көрсетілімдері бар жандарға маска тақпауға рұқсат берілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой брифинг барысында мәлімдеді.    

ТАЙМ-ТИТР: 30.07.2020

СНХ: АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ /Қоғамдық орындарда, ғимараттың ішінде демалыс пен қызмет көрсету  орындарында, көшеде де   міндетті түрде маска тағу керек. Тек 5 жасқа дейінгі балаларға, жеке және 5 адамға дейін топ болып спортпен шұғылданатын және медициналық қарсы көрсетілімдері бар жандарға маска тақпауға рұқсат етіледі. /

РКС: Облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді. Бүгінгі күнге дейін 3 мыңға жуық жағдай тіркелген. Бір тәулікте 46 адамнан коронавирус анықталған. Өсім шамамен 2,2 процентті құрап отыр. Өткен айдың сәйкес мерзімінде бұл көрсеткіш 8 процент болған.   

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ///Емханалар жанынан мобильді бригадалар құрылды. Бұл вирус жұқтырған науқастардың ауруын асқындырып алмауы үшін қажет. Бүгінде санитарлық ережелерге өзгерістер енгізіліп жатыр. Медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар өздерімен бірге анықтама алып жүруі қажет пе деген сұрақ туындауда. Егер қарсы көрсетілімі бар адамға қатысты материал толтырылатын болса, департаментке бару керек. Мамандар ол адамның денсаулығы туралы жан-жақты тексереді. Қарсы көрсетілімі болған жағдайда жауапкершіліктен босатылады. /

РКС: Бүгінгі таңда облыс бойынша ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны азайған. Бірақ вирус жұқтыру деректері әлі де тіркелуде.  Карантин талаптарын қатаң сақтау маңызды. Маска тағу режиміне бағынбағандарға салынатын әкімшілік айыппұл 83 мың теңге көлемінде. Айыппұл арқалағандар 7 күннің ішінде бұл соманың 50 процентін ғана төлеуге мүмкіндігі бар. Келіспеген жағдайда іс сотқа жіберіледі.  

М.АЙБАБИНА, АЛЬМИРА САТЫБАЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ   

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...