ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

19:58, 29 мамыр 2020

 

Диктор: Блокбекеттер алынады, кинотеатрлар ашылады. Жалпы 1-ші маусымнан бастап карантиндік шектеулер біршама жеңілдейді. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында шектеу шараларын босаңсыту мәселелері талқыланды. Басқа қандай салалардың жұмысы жанданады? Тілші тарқатады. 

КСМ: Дүйсенбіден бастап блокбекеттер алынады. Бірақ барлығы емес. Облыс аралық қатынас қана жанданады. Бұл халықтың ұсынысы болатын. Ведомствоаралық комиссия құптады. Тек өңірлердегі еркін қозғалысқа рұқсат беру жергілікті жердегі құзырлы органдардың ұйғарымына қалды.

СНХ: ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

06:19 Ішкі облыстың ішіндегі әрбір ауданмен қарым-қатынастың бәрін облыс әкімдері өздері сол жердегі мына бас санитарлық дәрігермен бірге қарастырып, ондай шешімдерді өздеріңіз қабылдайсыздар.06:55

КСМ: Блокбекеттермен қатар теміржол станциялары да ашылады. Бастапқыда 54 жұп пойыз қатынайды.Қалғаны 10-шы маусым, яғни екінші кезеңде қабылданатын шешімге сай болмақ. Алғашқы кезеңде 250 мыңдай адам сапарлайды. Жолаушылардың санитарлық талапты сақтауы маңызды. Ал әкімдік вокзалдар мен сапаржайларда маска, қолғап, антисептик сияқты қорғаныш заттарының сатылуын қамтамасыз етсін-деді Ералы Тоғжанов

КСМ: Сондай-ақ фитнес және СПА орталықтары іске қосылады. Ал 15-ші маусымнан бастап кинотеатрлар жұмысын бастайды.

СНХ: АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ

00:21:09 Аударма: Кинотеатрларға кіргізілетін адамдар санын әкімшілік ғимарат аумағына қарай өзі шешеді. Бірақ 2 метр ара қашықтық сақталуы міндет. Сосын көрермендерді шахматтық тәртіппен отырғызу керек. Ал театр мен концерттік залдардың қашан ашылары әлі белгісіз.

КСМ: Әуе компаниялары маусымның бірінде Қытай, Оңтүстік Корея, Әзербайжанға ұшуға рұқсат сұрап отыр. Сосын бірте-бірте басқа бағыттарды да жандандырмақ. Комиссия мәселені  кезең-кезеңімен шешуді тапсырды.

СНХ: ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

02:53 Мұның бәрін негізге ала отырып, оның ішінде әрбір регионнан қазір түсіп жатқан ұсыныстар соны да ескере отырып, сондықтан бүгін осындай маңызды мына ұсыныстар ұсынып отыр. Осы маңызды ұсыныстардың бәрі жергілікті атқару органдарына ерекше қадағалауларын сұраймыз. Мына қойылған талаптардың бәрі жай талаптар емес. Міне, 6 бөлімнен тұратын үлкен талаптар.03:16

КСМ: Шектеу шаралары жеңілдесе де әр адамға жауапкершілік жүктеулі. Яғни карантиннен қажыған ағайынның, одан тез арылуы да өзіне байланысты.

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...