ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

МӘДЕНИЕТ БАСТАУЫ – ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ

15:03, 11 қаңтар 2019

РКС: Мәдениет бастауы – Ұлы Дала елі. Бұлай деуге толық негіз де бар. Оны тарихшылар әр зерттеу жұмысын жүргізген сайын көз жеткізіп келеді. Атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, аң стилі, Алтын адам сынды мәдени құндылықтар дәл осы қазақ жерінде пайда болған. Осы мәселелерді өз мақаласына арқау еткен Елбасының сөзін көкшетаулық тарихшылар  дұрыс деп санайды.

СНХ: ҒАЛЫМТАЙ МӘЛІК, ТАРИХШЫ, ///Біздің өркениетті жетістіктеріміз, біздің жылқылы өркениетті дамытқан  бір орталық ретіндегі сол жылқылы өркениетке байланысты туындаған  аса бай, фольклорлық, эстетикалық мәдениетіміз біздің қазіргі  заманғы ақпарат құралдарының, қазіргі  заманғы  өнер таратушы  салаларда көрініс табу керек. Мінеки, осы мақсатты қалай дамытамыз, қалай жолға қоямыз, осы мәселеге басты бағыт беруге арналып отыр деп ойлаймын.

РКС: Елбасы бұдан бөлек тарихи сананы жаңғырту керектігін алға тартады. Яғни қазақ халқы жайындағы әлі күнге дейін зерттелмеген  кейбір тарихи деректерді зерделеп, ұлы даланың ұлы есімдерін ұлықтауды тапсырды.

СНХ: ТАЛАПКЕР УӘЛИЕВ, ТАРИХШЫ ///  Қазақ халқының тарихы тек қазақ халқымен байланысты емес. Қазақ ұлтының қалыптасуымен ғана байланысты емес, оған дейінгі кезеңдер  осы Қазақстан тарихының ажырамас бір бөлігі деп айтқан екен.  Сонымен қатар тарихты бұдан әрі зерттеуге  бірнеше  жобалар  ұсынып  отыр. Атап айтқанда архив-2025 жобасы, осы архив құжаттарындағы құжаттарды ой елегінен өткізіп, түркітанымдық конгресін өткізу.

РКС: Тарихын білген ұлт ешқашан жойылмайды. Өйткені өткенді екшеп, болашаққа нық қадам басудың алғышарты да сол.

АЙГҮЛ  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
15:11, 21 қаңтар 2019
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
Толығырақ...
ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН НЕСИЕГЕ  4 МЛРД ТЕҢГЕ  ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
15:11, 21 қаңтар 2019
ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН НЕСИЕГЕ 4 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
18:43, 15 қаңтар 2019
ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
Толығырақ...