ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

МЕДИЦИНА САЛАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

18:35, 30 маусым 2020

ДК: Соңғы 10 жылда елімізде денсаулық сақтау саласын оңтайландыруға басымдық берілді. Соның салдарынан жұқпалы ауруларға арналған бөлімшелерде 1 мыңға жуық орын қысқартылған. Енді биологиялық қатерлерді ескере отырып, Үкіметке денсаулық сақтау жүйесіндегі кезек  күттірмейтін мәселелерді тез арада шешуді тапсырылды. Ендігі арада тұрғындардың денсаулығын қорғаудағы медициналық-санитарлық сақтандыру  шараларына басымдық берілмек.  


 
РКС: Өңірдің медицина қызметкерлері аталған салада қиындықтың барын, әлі де боларын жақсы түсінеді. Көкшетау қалалық емханасының медбикесі - Баян Измаилова Ел Президенті медицина саласындағы өзекті мәселелерді уақытылы әрі орынды атап өткенін айтады. Қолға алынар шаралар бекітілді. Тек оны сапалы жүзеге асыру қажет. Бүгінгі таңда Көкшетау қаласында барлық мемлекеттік медициналық мекемелер «Дамумед» бағдарламасының көмегі арқылы қызмет көрсетеді. Карантин талаптарына сай емханаларға онлайн жазылады, ал қатерлі топтағы жандар үшін сараптама үйлеріне барып алынады. 

 
СНХ: БАЯН ИЗМАИЛОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ УЧАСКЕЛІК МЕДБИКЕСІ/Емханада көп нәрсе өзгерді, құрал-жабдықтар жаңартылуда. Барлық қызмет түрлерін онлайн алуға болады. Бізде отбасылық амбулатория болған соң балалармен егде жастағы жандарға дейін қызмет көрсетіледі. Қиындықтар бар, уақыт өте оны да жеңеміз деп ойлаймын. Күн сайын өзекті деген мәселелерді айтамыз. Басшылар тарапынан біртіндеп шешіліп келеді. /    

РКС: Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында бірқатар жүйесіз реформалар мен қайта құруларды қабылдау санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі мен инфекциялық бақылау жүйесінің әлсіреуіне әкеліп соқтырғанын атап өтті.  Қазір отандық медицина мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары әлеуметтік жағынан қорғауға қатысты шаралардың қабылдануын асыға күтеді. 

СНХ: СЕРІК КӘКЕНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ ///аударма///Медицина саласы қызметкерінің деңгейін барынша көтеру. Осы мамандықты қалайтындардың ең алдымен еңбекақысын көтеру, яғни әлеуметтік жағдайын жасау жағына ерекше көңіл бөлінсе деймін. Мен өзім еңбек жолымды ауданнан бастадым, сол кезде мен сияқты жас маманға бірден пәтер берді.

РКС: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында жағдайдың ушығуына дайын болу керектігін тапсырды. Қазіргі уақытта еліміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін құру қажеттігі туындап отыр. Жыл соңына дейін «Қазақстан Республикасындағы биологиялық қауіпсіздік туралы» Заңды дайындау тапсырылды.

 

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖАМАЛ ГАБДУЛЛИНА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...