ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

МЕЙІРБИКЕЛЕРДІҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

19:30, 16 мамыр 2019

РКС: Бүгінде елімізде медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында патронажды  қызмет көрсетудің жаңа үлгісі енгізілуде. Бұл бағытта Көкшетау қалалық емханасы пилоттық жоба аясында қызмет етуде. Форумда аталған денсаулық сақтау ұйымының мейірбикелері өзара тәжірибелерімен алмасып, бұл бағытта атқарылған жұмыстарымен таныстырды.

СНХ: НАЗЕРКЕ НАЗАРБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ АҒА МЕЙІРБИКЕСІ/// Көкшетау қалалық емханасы патронажды қызмет көрсетуге пилоттық режимде 2018 жылы көшті. Ол үшін  біздің бір топ мамандар ЮНИСЕФ-тің ұйымдастыруымен өткен 2 апталық оқуына қатысып келді. Бүгінгі таңда біздің барлық учаскелер патронажды қызмет көрсетеді. Ол үшін барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілді. Яғни, патронажды сөмкелеріміз, арнайы киімдеріміз және арнайы  картамыз бар. Қазірде нәтиже де жоқ емес. Қауіпті отбасылар анықталды. Ондай отбасыларға біз жиі баруға тырысамыз. ///

РКС: Форумда балалардың дамып, қалыптасуын ерте жастан бақылауда ұстаудың мән-маңызы айтылып, бұл бағытта патронажды медбикелердің рөлін күшейту қажеттігі айтылды. Жалпы, денсаулық сақтау саласында орын алып отырған реформалар мейірбикелерді дайындау бойынша арнайы оқу бағдараламаларына да өзгерістер енгізуді талап етеді. Көкшетаудағы жоғары медициналық колледж оқытушылары бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

СНХ: ЕЛЕНА ДЫДЫГИНА, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ/// Заман талабына сай бізге дәрігердің бірқатар міндеттерін өз мойнына ала алатын білікті мейірбикелер дайындауымыз керек. Ол созылмалы дертке шалдыққан науқастарға кеңес бере алуы тиіс. Осыған орай біздің оқу орнында қолданбалы бакалавриат оқу бағдарламасы енгізілді. Яғни, оқу барысында студенттеріміз оқу уақытының 50 пайызын емханалар мен ауруханаларда өткізеді. Сөйтіп, бізден іс тәжірибе жүзінде дайындалған мейірбикелер шығады. ///

РКС: Форум барысында мейірбикелер созылмалы инфекциялық емес ауруларды меңгеру бағдарламасын енгізу және 3Һ жүйесін енгізу бойынша өзара тәжірибелерімен алмасты. 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
18:11, 27 мамыр 2019
ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Толығырақ...
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ  БАСТАЛДЫ
18:11, 27 мамыр 2019
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
20:31, 23 мамыр 2019
СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Толығырақ...
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:39, 22 мамыр 2019
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АН...
Толығырақ...