ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

МЕЙІРІМДІ МЕЦЕНАТТАР МЕКЕНІ

15:55, 6 ақпан 2020

Целиноград ауданының бір артықшылығы Елордаға жақын орналасуы болса керек. Мәселен, аудан экономикасына 67 млрд теңгеден астам инвестиция тартылса, оның басым бағыты құрылыс саласына негізделген. Сондай-ақ, ауданда Елорданы азық-түлікпен қамту бағытында 25 жоба іске асырылған. Тұрғындар саны да көп. Есеп бойынша 70 мыңнан астам тұрғын тіркелсе, шын мәнінде бұдан екі есе артық – дейді өңір басшылығы. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өткен брифингке қатысқан әріптесім Ердігүл Дәдібасқызы толық баяндасын.

РКС: Целиноград ауданы өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 10,4 млрд. теңге  қаржы құйған. Бұдан бес жыл бұрын екі есе аз төлемдер түсетін – дейді аудан басшысы Малғаждар Тәткеев. Бұл аудан экономикасының қарқынды дамуының дәлелі болса керек.

СНХ: МӘЛҒАЖДАР ТӘТКЕЕВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: //қаз// Бюджеттің төртінші деңгейі бойынша өткен жылы 13 ауылдық округ оң динамикамен шықты, бұл салықтардың өсуіне алып келді.Жоспар бойынша 198,2 млн. теңге түсімі болжанса, нақты 283,5 млн. теңге немесе 143 пайызға жоғары түсті. Осы жылы барлық ауылдық округтер осы бағыт бойынша жұмысын бастады. Бұл өз бюджеттерін өздері бөлетінін білдіреді. 2019 жылға арналған аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 29 млрд. теңгені құрады, оның ішінде меншікті түсімдер 3,3 млрд. теңге немесе 103,5 пайыз. Бюджеттің шығыс бөлігі 100 пайыз орындалды.

РКС: Өткен жылы Ресей мен Қазақстан арасындағы аймақаралық  ынтымақтастық форумында жасалған меморандумға сәйкес Қабанбай батыр ауылдық округінде құны 30 млрд теңгені құрайтын күн электростанциясының құрылысы бастау алмақ. Сондай-ақ, ауданда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аясында 7 жоба іске асқан. Бас қаланың іргесінде орналасқандығы басты себеп болса керек, өңірде құрылыс саласы қарқынды дамуда. Мәселен, өткен жылы 214 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы 23 елдімекенде ұзындығы 430 шақырымды құрайтын жолдың құрылысы басталмақ. Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпті дамыту да қолға алынған.

СНХ: МӘЛҒАЖДАР ТӘТКЕЕВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: //қаз// «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 258 адам оқудан өтті. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 100 айлық есептік көрсеткішке дейін 45 адам, 200 айлық есептік көрсеткішке дейін 77 адам гранттар алды, 71 кәсіпкер шағын несие алды.

РКС: Бұдан басқа өңірдегі білім саласының дамуы басты назарда – дейді аудан әкімі. Мәселен, Мемлекет басшысы жүктеген міндет бойынша үш маусымдық мектептердің санын азайту мақсатында 6 елдімекенде жаңа мектеп құрылысы жүріп жатыр. Целиноград ауданы мейірімді меценаттар мекені ретінде танымал. Мәселен, «Туған Жер» жобасы аясында жергілікті кәсіпкерлер 3 жарым млрд теңгені құрайтын 50-ден астам жобаны жүзеге асырған. Ауданға «Родина» агрофирмасы бірнеше әлеуметтік нысан салып берсе, «Мәншүк» серіктестігі балабақша сыйға тартқан, Қосшы ауылында аудан кәсіпкерлері жекеменшік мектеп ашып беріп, аудан бойынша 4 ауылдық клубты қолданысқа берген.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  ДАРХАН САҒЫН,ЖАҺАНГЕР МУКАМБЕТОВ  «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

15:11, 31 мамыр 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ЭКСПОРТТАУ МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...