ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

МЕЙІРЛІ ЖҮРЕК, МЕРЕЙЛІ МАМАНДЫҚ

18:12, 12 мамыр 2020

 

ДК: 12 мамыр - халықаралық мейірбикелер күні. Медицина саласының маңызды құрамдас бөлігі болған бұл мамандықтың тарихы тереңнен бастау алады. Биыл алғаш «мейірім бикештері» түсінігін қалыптастырған медицина қызметкері Флоренс Найтингейлдің дүниеге келгеніне 200 жыл. Ғасырлар бойы адам өміріне араша түскен мамандық иелерін дәрігерлер мен тұрғындар төл мерекесімен құттықтауда.   

РКС: Әлемде алғаш «мейірім бикелері» ретінде танылған бұл мамандық бүгінде барша медициналық қызметтің айнымас бөлігі. «Өмір мен өлім арпалысында адам үшін бұдан маңызды мамандық болмас». Бұл - мейірбике қызметінің негізін қалаған ағылшын қоғам қайраткері Флоренс Найтингейлдің сөзі.  Облыстық аурухана басшылығы әріптестерін төл мерекесімен құттықтап, пандемия уақытында атқарылған қажырлы еңбектері үшін алғыс білдірді.

СНХ: НҰРЛАН ЖАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ/// (орысша) Мейірбикелер қызметі науқастардың сауығуы мен қалыпқа келуінде аса маңызды фактор. Қазір өздеріңіз білетіндей, төтенше жағдай режимі тоқтағанымен, карантин шаралары жалғасуда. Коронавируспен күрете мейірбикелер қызметі өзінің жоғары біліктілігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Облыстың барша мейірбикелерін төл мерекесімен құттықтаймын!

РКС:  Медициналық мекеменің ақпараттық жүйелерін қамтамасыз ету, ауруларға күтім ем-дом жүргізу, пациенттерді тәулік бойы бақылау мейірбике қызметінің біз білетін берідегі сипаты. Анығында, бұл мамандықтың түп негізі – жүрек жылуы,-дейді осы салада 35 жыл еңбек еткен  Қайныш Даулиевна.

СНХ: ҚАЙНЫШ ОСПАНОВА,           НЕВРОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ АҒА МЕЙІРБИКЕСІ///(орысша)///Біздің ұжым өзара тығыз байланыста қызмет атқарады. Әріптестерім де 30 жылдан астам еңбек өтіліне ие. Біздің жұмысымыз адамдарға мейіріммен қарау, жылы шыраймен көңіл бөлуді талап етеді. Бұл мамандыққа тек өз ісін сүйетін адамдар ғана келеді. Барша мейірбикелер бұл мамандықты жүрек қалауымен таңдаған. Біз киген ақ халат – адал ниеттің, мейірімнің символы, баршамыз осы үмітті ақтауға қызмет атқарып келеміз.

СНХ: АЙНАШ ӘБУОВА, МЕЙІРБИКЕ///Соңғы екі жыл бойы тері-венерологиялық ауруханасында еңбек етудемін. Бұған дейін 7 жыл бойы перзентханада еңбек еттім. + Мейірбике болу менің бала күнгі арманым еді. Бала кезімде-ақ, сіңлімді, көрші балаларды емдеп ойнайтынмын. Мамандық таңдауда еш күмәнсіз осы салаға келдім.

РКС:  Мейірбикелер төл мерекесінде де қауырт жұмыстан қол үзе алмайды. Таразы басында - адам өмірі. Короновируспен күреске облыс орталығында 100-ге тарта медициналық қызметкер жұмылдырылған еді. Қазіргі таңда, «мейірбикелер кеңесінің» бастамасымен карантиндегі дәрігерлерге  медицина ұжымдары атынан қолдау көрсетілуде.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ.  АБАЙ ТӨЛЕГЕН. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...