ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

18:42, 30 маусым 2020

Диктор кадрда: Көкшетау қаласындағы білім беру мекемелеріне жасалып жатқан жөндеу жұмыстары жалғасуда. Осыдан жарты ғасырға жуық уақыт бұрын пайдалануға берілген жалпы білім беретін 8-ші мектепке алғаш рет күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.     

РКС: Ғимарат 1971-ші жылы пайдалануға берілген. Содан бері оның қабырғаларына құрылысшының қалағы тимеген. Қазіргі уақытта мектептің тек сыртқы қаңқасы ғана қалған. Есік, терезе, төбесі мен шатыры, нысанның сыртқы бөлігі барлығы толық жаңартылуда. 

СНХ: НҰРЛАН МҰҚАЖАНОВ, №8 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ///на русс.///Еңбекпен қамту бағдарламасы аясында 41 адам еңбек етіп жатыр. Канализациялық, жылу, су құбырлары толық ауыстырылуда. Электр желілері жаңартылып, шатыры да жаңадан салынуда. /

РКС: Білім ошағы 350 орынға шақталған. Екі ауысыммен мұнда 728 оқушы білім алуда. Мамыр айында басталған жөндеу жұмыстарын 15 тамызға дейін аяқтау жоспарлаған.

СНХ: АХМЕТ ТЕМІРБОЛАТОВ, ИНЖЕНЕР///русс.///Инженерлік жұмыстар, монтаж, демонтаж жасап жатырмыз. Жылу, канализациялық құбырларды ауыстыруды 70 процентке аяқтадық. Көп ұзамай толық аяқтаймыз.  

РКС: Білім ошағының жөндеу жұмыстары аяқталған соң мұнда жаңа жиһаздар алынбақ. Сөйтіп, ондаған жыл жөндеу көрмеген мектеп ғимараты  жаңа білім ошағына айналмақ.     

М.АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...