ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ Толығырақ

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ОҚУЛЫҚТАРМЕН ҚАМТЫЛУДА

19:36, 13 тамыз 2020

ДК: Елімізде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте қашықтан білім беру форматында басталады. Қазіргі таңда облыс бойынша мектептер оқулықтар таратуда.    

РКС: Оқыту форматына қарамастан барлық мектептер мен оқушылар оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ кітаптарды электронды форматқа аудару жұмыстары да жүргізілуде. Қазіргі уақытта білім ошақтарында кітаптар кестеге сай беріліп жатыр.   

СНХ: ЭММА АЛЬБЕРТИ, №11 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///Арнайы кестеге сәйкес 10 тамыздан бастап 1-ші және 4-ші сынып оқушыларына кітап беріліп жатыр. Келер аптадан бастап орта және жоғары сынып оқушыларына  оқулықтар тарату жұмысына кірісеміз. Сонымен қатар сынып жетекшілері кезекші кластарға келетін оқушылардан өтініш қабылдауда. Ата-аналардың 70 проценті балаларын кезекші сыныптарда оқытуға ниет білдірген.  

РКС: Қашықтан оқыту форматы еліміздің білім беру саласында бірқатар проблеманың бар екенін көрсетті. Компьютер жетіспейді, интернет желісі нашар.  Ақмола облысы жаңа оқу жылына жан-жақты дайындық үстінде.  

СНХ: БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///қаз.///Облыс аумағындағы 555 мектептің 307-і қашықтан жұмыс істейді. Қалған білім ошақтары дәстүрлі оқыту форматында оқиды. Олар шағын комплектілі мектептер. Әрине, барлық санитарлық талаптардың сақталуы шарт. Қазіргі таңда интернет мәселесі шешіліп жатыр. Және оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету де күн тәртібінде.  

РКС: Алдын ала болжамға сәйкес еліміз бойынша қашықтан оқыту форматында интернет платформалар мен телеарналар арқылы 2,5 миллионнан аса оқушы білім алмақшы. Кезекші сыныптарда 500 мыңға жуық бастауыш сынып оқушысы оқиды деп жоспарланып отыр. Ал штатты режимде 150 мыңнан аса оқушы білім алад.  

М.АЙБАБИНА, ЗАРИНА ДҮЙСЕКЕЕВА, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, САБЫР ҚҰЛАТАЙҰЛЫ, КӨКШЕ АҚПАРАТ  

Тақырып бойынша материалдар

ПАНДЕМИЯНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ
19:34, 21 қыркүйек 2020
ПАНДЕМИЯНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар