ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

18:46, 10 маусым 2019

РКС: Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оқушылардың жазғы мектеп алаңы кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жас велосипедшілердің жолда жүру ережелерін түсіндірді. Шара барысында балалар жол жүру қауіпсіздігі ережелеріне қатысты білімдерін тексеріп, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жіберген қателіктерді іздеді. 

СНХ: АҚЖАРҚЫН ОСПАНОВА, ІТ-МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ/// Бұл іс-шараның мақсаты – жазғы демалыс уақытында кәмелеттік жасқа толмаған оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, жолда жүру ережелерін түсіндіру болып табылады. Менің ойымша, мұндай тәрбиелік мәні зор өткізілген іс-шара алдағы уақытта кәмелетке толмаған оқушылардың өмір қауіпсіздігінің алдын алу болып табылады.   

РКС: Танымдық іс-шарада әр қатысушы бала жақсы нәтиже көрсете білді. Оқушылар жағымды эмоция алып қана қоймай, жолда жүру ережелері туралы білім көкжиегін кеңейтті. Өз кезегінде патрульдік инспекторлар өз жұмыстарының ерекшеліктерін айтып, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Өскелең ұрпақтың қателікке ұрынбауы үшін, олардың жол ережесі бойынша сауаттылығын арттыру үшін осы тектес іс-шаралардың маңызы зор,-дейді ата-аналар. 

СНХ: ӘДІЛ ЕХИН, АТА-АНА/// Мұндай ережелерді жиі-жиі өткізіп тұрған дұрыс. Тек қана каникул кезінде емес, оқу жылында да өткізген дұрыс. Балалардың білгендері және өзімізге де жақсы болады деп ойлаймын.

РКС: Жолда жүру ережелерін әрбір бала білуі керек. Себебі, мектеп оқушыларының өмірін осы ережелерді білу арқылы сақтап қалуға болады.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің материалдары бойынша «Көкше-ақпаратқа» әзірлеген Айжан Ақтаева

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:26, 18 маусым 2019
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНД...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСАТЫ
19:06, 18 маусым 2019
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар