ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

МЕКТЕПКЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

17:32, 20 мамыр 2020

 

ДК: Біржан сал ауданында білім ошақтарын күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы жылы 2  мектептің келбеті жаңаша түрленбек. Соның бірі  - Казгородок орта  мектебі. Бұл күні  білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Яғни, ғимараттың шатыры, еден, терезелері, жылу жүйесі толықтай жаңартылады.

РКС: Қазгородок орта мектебінің іргетасы 1979 жылы қаланған. Содан бері мектеп ішінде кішігірім жөндеу жүргізілгенмен, дәл осындай күрделі жұмыстың жасалып отырғаны алғаш. Ал, жөндеу жұмыстарына облыстық қазынадан 285 млн. теңге қарастырылған. Бұл күні құрылысқа  20-ға жуық адам мен арнайы техника жұмылдырылған.

СНХ:  ОЛЖАС ҚАБДОЛЛОВ, ҚҰРЫЛЫС УЧАСКЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ//аударма/// Қазіргі уақытта  монтаждау  жұмыстарының жартысы аяқталды. Сондай-ақ, ғимараттың сыртын да  қырып, тазартып, әктеп жатырмыз. Ендігі аптадан бастап ішкі әрлеу  жұмыстары басталады. Нысанды 15 тамызда тапсырамыз деп отырмыз.  Барлығы жоспар  бойынша жүзеге асуда.

 

РКС: Қазіргі таңда бұл білім ошағында 204 шәкірт білім алады. Күрделі жөндеуден кейін мектеп іші жаңа жиһаздармен толықтырылып,  компьютерлермен де жабдықталмақ.

СНХ: АЛМА БЕКЕНОВА, КАЗГОРОДОК ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ///қаз///  «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында мектепке күрделі жөндеу  жұмыстары жүргізілуде.+скл+Кабинеттердің іші кеңейтіліп жатыр. Мектептің алдына да абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

 

РКС: Аталған ауданда Казгородок мектебінен бөлек, аудандағы Абай ауылындағы білім ордасына осындай күрделі жөндеу жұмыстары жасалмақ.  Алдағы айларда құрылыс жұмыстары басталады.  

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...