«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Өткен жылдың өзінде аталмыш акция шеңберінде облыс бойынша 8 мыңнан артық балаға 60 миллион теңгеден артық сомаға көмек көрсетілген.

17:48, 11 тамыз 2017   134

Өткен жылдың өзінде аталмыш акция шеңберінде облыс бойынша 8 мыңнан  артық балаға 60 миллион теңгеден артық сомаға көмек көрсетілген. Ал биыл «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бастау алған 10 күннің өзінде облыстық білім басқармасы жүргізген 700-ге жуық рейд барысында көмекке мұқтаж мектеп оқушыларының картасы жасалған. Осылайша, биыл облыс бойынша 10899 бала материалдық қолдауға мұқтаж. Оның 924-і биыл бірінші сыныпқа баратын оқушылар.

Мамандардың айтуынша, әр балаға шаққанда мектеп сөмкесі мен кеңсе тауарларын алуға орташа есеппен 13 мың теңге қаражат қажет. Одан бөлек, мектеп формасы мен спорттық киімдері де бар. Айта кетейік, аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды мектепке жинауға қол ұшын созып жүрген тұрақты демеушілердің қатарында «Родина» агрофирмасы, «Ақ ниет» қоғамдық қоры мен Сандықтау ауданындағы «Фауна» серіктестігі бар. Мұндай демеушілердің саны жыл санап артып келеді.  

Әйгерім Бекмағамбетова

«Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ресми сайты

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй Байланыс телефондары: 8 (716 2) 40-13-75