ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

МЕКТЕПТЕРДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

18:39, 30 маусым 2020

 

ДК: Ақмола облысында 161 білім беру мекемесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда екі есеге жуық артық. Бұл «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы әлеуметтік нысандарға бөлінген қаржы көлемінің артуымен байланысты.  Қазіргі таңда барлық жобалар бойынша мердігерлер анықталып, құрылыс жұмыстары басталған.

 

РКС: «Жұмыспен қамтудың жол картасы» дағдарысқа қарсы мемлекеттік бағдарлама аясында аясында 8,8 млрд. теңге 102 мектеп жөнделеді. 32-сі түбегейлі жаңғыртылады. Олардың қатарында 1980 жылы салынған Новорыбинская мектеп-балабақшасы да бар. Білім ошағы 410 орынға шақталған. Мектепте 126 оқушы білім алады. Білім беру мекемесі жанындағы  балабақшада 44 балғын тәлім алады.  

СНХ: ҚАРЛЫҒАШ ҚЫРЫБАЕВА, НОВОРЫБИНСКАЯ ОРТА МЕКТЕП-БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ///(АУДАРМА)///Қазіргі таңда 130 әйнек-пластикалық есік, терезе орнатылды. Шатыр жиегі бекітілді. Жылу сақтаушы құрылыс материалдары төселді. Электр және құбыр желілері жаңғыртылды. Жұмыс сапалы атқарылуда.  

РКС: Ақкөл ауданындағы Еңбек мектеп-балабақшасының салынғанына жарты ғасыр болған. Биыл нысанды қалпына келтіруге 185 млн. теңге қаржы бөлінді.

СНХ:ҚЫЗЖІБЕК БАЙМОЛДИНА, ЕҢБЕК ОРТА МЕКТЕП-БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ///(АУДАРМА)/// Жөндеу жұмысы 25 тамызда аяқталуы тиіс. Біз құрылыс барысын бақылап отырмыз. Сапасы тиісті деңгейде. Жөндеу жұмыстары тиісті мерзімінде аяқталады деп сенеміз.

РКС: Облыстың 556 мектебінде 128 мыңға жуық оқушы білім алады. Биыл 161 орта және кәсіби білім беру мекемесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ЖАҺАНГИР МҰХАМБЕТОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...