
ДК: Ақмола облысы бойынша 431 мектеп үшінші тоқсанды дәстүрлі форматта бастады.Қалған 124 білім ошағы қашықтан оқытуды жалғастырып отыр.
СНХ: ШОЛПАН КАРИНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: (қаз)///Бұл тоқсанда дәстүрлі форматта оқыту екінші тоқсандағыдай 1-5 кезекші сыныптарда жалпы білім беретін мектептерде және халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарда дәстүрлі форматта оқыту қарастырылған. Сонымен қатар екінші тоқсандағыдай 300-ге дейінгі оқушысы бар мектептерде дәстүрлі форматта әрі қарай жалғастырылып келе жатыр. Осы тоқсанның ерекшелігі 9-11 сыныптар жалпы білім беретін мектептерде және халықаралық мектептерде, Назарбаев зияткерлік мектептерінде 10-12 мектеп бітіруші сыныптарда оқыту штаттық форматта жүргізілу басталды.
РКС: Штаттық оқытуға қатысты мәселе жергілікті жердегі санитарлық бас дәрігермен бірлесіп шешілген. Оған сәйкес білім ошақтары санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Сонымен бірге сыныпта 15 оқушыдан артық болмауы тиіс. Санитарлық қауіпсіздік-басты талап.
СНХ: ӘСЕМГҮЛ СҮЛЕЙМЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ///аударма///Облыс бойынша 130 мыңнан астам оқушының 70 проценті кешеден бері дәстүрлі форматта үшінші тоқсанды бастады. Екінші тоқсанда 5 сыныптарға кезекшілік сабақтары ұйымдастырылмаған Атбасар, Бурабай, Сандықтау, Жақсы және Целиноград аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларының мектептері қосылды.
РКС: Көкшетаудағы № 17 орта мектеп-гимназиясында 1-5 сыныптарда 106, 9-11 сыныптарда 15 кезекші топ құрылған. Былтырғы наурыздан бері мектеп табалдырығын аттамаған оқушылар ұстаздарымен және сыныптастарымен сағынысып қауышқан.
СНХ: ТАТЬЯНА КРАСНОБРИЖНАЯ, №17 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ///аударма///Қашықтан оқытудың барлық қиындықтарына қарамастан, ұстаздарымыз бізге оқу бағдарламасына сай білім беріп, әрдайым қолдап отырды. Кез келген сұрақ туындаған кезде Whatsapp-та хат алмасу немесе ZOOM платформасы арқылы сұрап отырдық. Қашықтан оқыған кезде сыныптастарымызбен өте тату болдық. Бір-бірімізді қатты сағындық.
РКС: Бітіруші сыныптар үшін оқыту аралас форматта ұйымдастырылады. Сабақтардың 70 проценті дәстүрлі форматта, яғни мектеп қабырғасында өтеді. Ал қалған 30 проценті қашықтан оқытылады. Мектеп асханаларының жұмыс істеу мәселесі облыстың санитарлық бас дәрігерінің шешіміне байланысты болмақ.
АҚБОТА СЪЕЗҚЫЗЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАМБЕТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ