ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

МЕКТЕПТЕРГЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

15:02, 12 мамыр 2020

ДК: Биыл Ақмола облысында жүзден астам білім беру нысанына күрделі  жөндеу жұмысы жүргізіледі. Карантиндік шараларға қарамастан, бұл жұмыстар кестеге сай орындалады.

РКС: Ақмола облысында жалпы білім беретін 556 мектеп, мектепке дейінгі 224 ұйым және 33 колледж жұмыс істейді. Биыл дағдарысқа қарсы жоспар аясында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарлама аясында 102 білім беру мекемесі жөнделеді.

СНХ: БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ//аударма// Бұл жұмыстарға шамамен 8,8 миллиард теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 94 нысанда келісім-шарт жасалды. Ал қалғандары-конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні 30 нысанда  жұмыс басталды. Бір нысанда жөндеу жұмысы аяқталды.

РКС: Аяқталған нысандардың бірі - Жақсы ауданында. Сондай-ақ, «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 1,2 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат облыстың бес ауданындағы жеті мекемені күрделі және ағымдағы жөндеуге бағытталған. Бұдан басқа облыс орталығында 1, 6 және 13 мектептерге жапсарланған құрылыс салу жұмыстары да жалғасуда.

СНХ: ӘСКЕРБЕК ӘЛДІБЕКОВ,  ҚҰРЫЛЫС УЧАСКЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ// ///рус///Мектеп 420 орынға шақталған. Бұл 13-ші мектепке жапсарланған құрылыс бөлігі. Қазір 3-қабаттқа кірпіш қалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.  Металлопластикалық терезелер орнатамыз. Инженерлік инфрақұрылымдар тартылуда.  

РКС: №13 гимзанияда басталған қосымша құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталады деп күтілуде.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
18:20, 22 қазан 2020
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...