ШҰҒЫЛ! ДАУЫЛДЫҢ САЛДАРЫНАН БІР АДАМ МЕРТ БОЛДЫ Толығырақ

МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН МУЗЕЙІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

15:09, 9 қаңтар 2020


Жаңа жылдағы жағымды жаңалық. Облыс орталығындағы Мәлік Ғабдуллин музейі күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін рухани қазына есігін айқара ашты. Музейді жаңартуға облыстық бюджеттен 92 миллион теңге қаржы жұмсалған. Яғни, музей экпозициясы толықтырылып, ішіне заманауи қондырғылар да орнатылған. Мәлік батырдың ерлігі мен өнегелі өмірін дәріптейтін мәдени ошақтың ашылуына жергілікті зиялы қауым өкілдері мен мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

Салтанатты шара музей ішіндегі экскурсиядан басталды. Яғни, келген қонақтарға музей қызметкерлері кеңінен ақпарат беріп, әр жәдігердің тарихымен таныстырды.  Мұнда Мәлік батырдың өмірінен сыр шертетін 4 зал бар. Музей қоры бай. Бұл күні мұражайда 7 мыңнан астам құнды жәдігер сақталған.

ҚҰДАЙБЕРЛІ МЫРЗАБЕК, М.ҒАБДУЛЛИН МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Біз бүгіннен бастап өз жұмысымызды жандандырып отырмыз. Жалпы бұл жерде не істелді деген сұрақ туындауы мүмкін. Музейдің сырт келбеті анағұрлым сәулеттеніп, жақсарғандығын Көкшетау халқы көріп жатыр. Ішкі жағына келсек, бұрындары музей іші салқын болатын. Ал бүгінде жылыту жүйесі жөнделіп, жан-жақты құрылыс жұмыстары жүргізіліп, өте жоғары деңгейде жұмыстар атқарылды. Музей үшін ең басты насихат жұмысының айнасы болып табылатын  экпозициялық залдар жаңартылды.

СТЕН-ДАП: АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ

2019 жыл Ақмола облысының мәдениет саласы үшін  өте жемісті болды. Облыс орталықтарындағы музейлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның айқын дәлелі осы  Мәлік Ғабдуллин музейі. Бұл жерге көптеген жаңа заманауи қондырғылар қойылған. Соның бірі осы терминал. Бұл терминалға  2019 жылы музей қызметкерлерінің барған экспедицияларының тізімі, сол сапардан жиналған құнды мәліметтер мен фотосуреттер енгізілген.

Салтанатты шараға қатысқан  облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушысы Гүлмира Бекназарова өткен жылы өңірдегі осы салада орын алған елеулі оқиғаларға тоқталып,  Жаңа жылдағы жоспарлармен таныстырды.

ГҮЛМИРА БЕКНАЗАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Өткен жылы Мәлік Ғабдуллин музейінен бөлек, облыстық тарихи-өлкетану, әдебиет және өнер музейлеріне  күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Жаңа жұмыс жылында осы Мәлік Ғабдуллин музейі мен тарихи-өлкетану музейі өз жұмыстарын қайта бастады. Осы музейде бұрынғы жәдігерлер толығымен сол қалпында сақталып, жаңа экспонаттармен толықты. Ал, соны сақтап қалған бұл ғылыми қызметкерлердің еңбегі. Сондай-ақ, осы жылы біздің өңірде өтетін қос мемлекет арасындағы үлкен форум қонақтарын облыстық музейлер қарсы алуға толығымен дайын.

Жөндеу жұмыстары кезінде де музей қызметкерлері өз жұмыстарын тоқтатпаған. Жыл бойына 20-дан астам көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылған, көрмелер өткізіліп, дәрістер оқылған.

ОРАЛБЕК САЙДАЛИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Біз Мәлік Ғабдуллин музейімен бірлесіп үлкен жобаны қолға алып отырмыз. Осы жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы. Біздің атамыз Базаралы Қауменұлы сол кешегі Абайдың досы болған. Біз сол кісінің ұрпақтарымыз. Музей ұжымымен бірлесіп атамыздың басына тас орнаттық. Осы жылы да көптеген жұмыстар атқарамыз деген ойдамын.

Сонымен қатар, музей ұжымы осы жылы Мәлік Ғабдуллиннің 105 және  музейдің 25 жылдық мерейтойларын атап өтуді жоспарлап отыр.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ДАРХАН САҒЫН, ШОҚАН ТАУКИЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
19:30, 3 сәуір 2020
КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
Толығырақ...
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
20:18, 6 сәуір 2020
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
Толығырақ...