ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ

19:57, 29 мамыр 2020

 

Жүргізуші: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Биыл пайдалануға берілген күн электр станциясындағы   "жасыл энергияны" дамыту жайымен танысты. Станция  инновациялық технология негізінде ерекше әдіспен салынған. Жобаны жүзеге асыруға 30 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылған.  Мұнда жылына 148 миллион киловат сағат энергия  өндіріледі.

РКС: Президент жаңартылған қуат көзін пайдаланудың маңыздылығын айта келе, станция ұжымына табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ, «Ең-Дала»  серіктестігінің егіс алқабында болды. Өңірдің агроөнеркәсіп кешені, егін және мал шаруашылығын дамыту жоспарларымен танысты. Мемлекет тарапынан аграрлық саланы дамытуға ерекше қолдау бар, сондай-ақ ауылшаруашылығына  арналған жерлерді тиімді пайдалану қазір өте маңызды.  

СНХ   ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

03:39 Үкімет, министрлік агросалаға  ерекше қолдау көрсетеді. Ауылшаруашылығы тауарөндірушілеріне көмек көп. Тек оны сауатты әрі тиімді пайдалана білу керек. Ең бастысы еңбектену қажет.

ЖҮРГІЗУШІ:  Мемлекет басшысы сондай ақ керамикалық тас пен кірпіш өндіретін зауытқа  барды. Кәсіпорын тың технологиямен жұмыс істейді.   Сапалы өнім-сапалы құрылыстың кепілі. Жалпы аймақта құрылыс индустриясы жақсы дамыған. Жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру қарқыны жоғары. Облыс әкімі Президентке жұмыспен қамту жол картасының орындалу барысы туралы да баяндады.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///Бүгінгі жалпы құны 40 миллиард теңге болатын 7 жобаны жүзеге асырып жатырмыз.  Соның арқасында жаңа жұмыс орны ашылды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 1384 жобаны жүзеге асырдық. Нәтижесінде 150 миллиард теңгені игердік.   

 Сегодня мы реализуем 7 проектов, порядка на 40 миллиардов тенге. Создание 553 рабочих мест. В рамках «Дорожной карты бизнеса» 1384 проекта реализовали, почти 150 миллиардов освоили.

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...