ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ҰДАЙЫ БАҚЫЛАУДА БОЛУЫ ТИІС

17:33, 20 мамыр 2020

 

ДК: Жылу беру маусымы штаттық режимде өтті. Демек, облыстық  бюджеттен бөлінген 6,4 миллиард теңге мақсатты игерілді. Десе де, кемшіліктер  жоқ емес. Облыстық әкімдікте өткен жиында жылу беру маусымы қорытындыланып, алдағы қысқа дайындық барысы пысықталды. Сонымен қатар, орман және дала өрттерінің алдын-алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар тыңдалды.

 

РКС: Биылғы жылу беру маусымында қазандықтар қалыпты режимде жұмыс істеді. Десе де, Бұланды, Аршалы, Бурабай аудандарында жылумен жабдықтау жүйелерін іске қосуда кемшіліктер анықталды. Облыс бойынша коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешек 1 миллиард теңгеден асқан. Көкшетау мен Степногорск қалалары және Бурабай, Атбасар және   Целиноград, Зеренді аудандарында тіркелген.

СНХ: ИВАН ЮРЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///аударма:///Аудандар мен қалалардың әкімдіктері коммуналдық қызмет үшін берешекті төмендетуге қатысты  жұмысты күшейтулері қажет. Жекелеген коммуналдық кәсіпорындар кредиторлық берешекке жол берді. Мәселен, «Көкшетау жылу» кәсіпорнының қарызы 3,4 миллиард теңге. Атбасар, Есіл, Щучинск қалалары кәсіпорындарының да қарыздары көп. ////

РКС: Биыл жылу көздері мен жүйелерін жөндеуге және жаңғыртуға қомақты қаражат жұмсалды. «Ауыл-ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында 9,8 миллиард теңге бөлінді. Бұл өткен жылға қарағанда 3 жарым есе артық. Ең көп қаражат Бурабай ауданының 22 нысанын жөндеуге  бағытталды. 2,7 миллиард теңгеге Көкшетау қаласының 4 нысаны жаңартылады. Сонымен қатар, Макинск, Ерейментау Астрахан, Атбасар, Ақкөл елдімекендерінде  жылу қазандықтары мен желілері жаңғыртылады.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///АУДАРМА: Жылу беру маусымы басталғанға дейін барлық жұмыстарды аяқтау қажет. Биыл облыстық бюджеттен бұл мақсаттарға 6,4 миллиард теңге бөлінді. 9,5 миллиард жөндеу жұмыстарына қарастырылды. Отын қорын құруға жауапкершілікпен қараңыздар. Қарызды өтеуге байланысты пәрменді шаралар қабылдаңыздар. Тарифті реттеңіздер. Оған абай болу қажет. ///

РКС: Орман және дала өртіне келсек, жыл басынан облыс аумағында тұрмыстық өртті қоса алғанда 150 оқиға тіркелген, оның 4-уі орманда орын алған. Аудандарда өрт бекеттерін құру ісі бүгінде өзекті. Алдағы жоспар бойынша 8 ауданда 9 бекет құрылмақшы.

СНХ: РУСЛАН ӘУБӘКІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ////аударма:///Өрт сөндіруге пайдаланатын техниканың бүгінде 70 проценті ескірген. Мамандарға арнайы киімдер қажет. Жалпы, бұл салада жаңғырту қажет. Ал бұл қосымша қаражатты қажет етеді. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстарға облыстық бюджеттен 500 миллион теңге бөлінсе деген өтінішіміз бар. ///

РКС: Жиын соңында облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуы тілге тиек етілді. Жалпы, көрсеткіштер жаман емес. Десе де, баспананы пайдалануға беру мен тауар айналымы саласындағы көрсеткіштер мардымсыз. 5 ауданның бюджеттің жылдық жоспарын орындай алмайды деген қауіп те жоқ емес. Өңір басшысы аудан әкімдеріне баспананы пайдалануға беру, құрылыс және инвестиция құю көрсеткіштерін көтеру бағытында жұмысты күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында қолға алынған жұмыстарды бақылауға алып, жұмыспен қамту деңгейін көтеруді міндеттеді.

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...