ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖОҒАРЫ

20:12, 11 тамыз 2020

ДИКТОР: «Еңбек» және  «Бастау бизнес»   мемлекеттік бағдарламалары ауыл тұрғындары арасында кеңінен танымал.  Аталған бағдарламалар - жұмысқа орналасудың және өз ісін бастаудың тамаша мүмкіндігі. Атбасар аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары карантинге қарамастан,  мемлекеттік бағдарламаларға деген қызығушылықтың артып отырғанын айтуда. Ауыл тұрғындары қысқа мерзімдік курстарды оқып, жастар тәжірибесі бойынша еңбекке орналасуға байланысты мүмкіндіктерін кеңейтуде. «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы тиімді мөлшерлемемен мемлекеттен субсидия алуға да болады. Ерінбеген адамға мемлекеттің қолдауы орасан.     

РКС: Шағын ғана шаруа қожалығының иесі Торсықбай Ержанов Атбасар ауданына қарасты Борисовка ауылының тұрғыны. Былтыр «Бастау бизнес» бағдарламасы жайында естіпті. Бір ай көлемінде  кәсіпкерлікті жүргізудің қыр сырын меңгерген. 3 миллион көлемінде несие алып, 30 бас ұсақ мал сатып алады.    

СНХ: ТОРСЫҚБАЙ ЕРЖАНОВ, «БАСТАУ БИЗНЕС» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ///снхпер///Мен, 6 жылға 6 проценттік несие алдым. Жылда мал басы көбейген сайын қарызымды жабуға тырысамын. Болашақта шарушылығымды кеңейтіп, тағы да несие алудан үміттімін .

РКС: Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін ауыл тұрғындары қалт жібермейді. Аудан орталығында «Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты белсенді жүзеге асырылып жатқаны соған дәлел. Үшінші бағыт әлеуметтік жұмыс орындарын ашуды көздейді. Мемлекеттен жұмысшы жалақысының 35 проценті субсидияланады.

СНХ: БАҚЫТ СЕЙДАХМЕТОВА, АТБАСАР АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ///аударма///Биыл  «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде  мен жоспар бойынша  40 адамды  қамтуымыз керек еді. Жоспардан асыра орындап, 46 адамға жолдама бердік. 30-дан астам ұйымды жұмысшылармен қамтамасыз еттік.

РКС: Жеке кәсіпкер Торсықбай Ержанов бірден қомақты несие  алады. Ал, көпшілігі  өз ісін бастау үшін алдымен қысқа мерзімді курстан өтеді. Айта кету керек, аудан орталығында «Еңбек» бағдарламасының  бірінші бағытын жүзеге асыру үшін 9 миллион теңге бөлінген.

СНХ: МАЙРА СМАҒҰЛОВА-КАСЬЯНОВА,  АТБАСАР АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ///аударма///Биыл жоспар бойынша 70 адам оқудан өтуі керек болатын. Оның 30-ы курсты аяқтады. Ол, тырнақ әрлеу  шеберлері  мен визажистер. 20 тракторшы мен дәнекерлеуші.  

РКС:  Жоғары және орта арнаулы оқу орындарын тәмамдаған атбасарлық жастар да назардан тыс қалмады. Оларды жұмыспен қамту үшін «Жастар тәжірибесі»  жүзеге асырылуда.

СНХ: ӘЙГЕРІМ МЫРЗАХМЕТОВА,  АТБАСАР АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ///аударма///Бүгінгі күні 69 адамды  жұмыспен  қамту жоспарланған оның 61 іске кірісті. Олар:Заңгер,есепші мен  экономист. 6 айға дейін жастар тәжірибесінен өтіп, әрі қарай өздерінің қабілетін  көрсетсе, осы жұмыс орнында қалуға мүмкіндіктері бар.

РКС: Атбасар ауданында мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесі айқын. Айталық, мал шаруашылығын кеңейтуді қалайтындар мен  ісін енді бастаған кәсіпкер үшін жұмыс табылады. Еске сала кетейік, "Еңбек" және "Бастау бизнес" бағдарламаларының негізіндегі курстарды  карантин кезінде қашықтан оқуға болады.

 

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЕВА , ЖАМАЛ ГАБДУЛЛИНА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, «КӨКШЕ АКПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...