ШҰҒЫЛ! АУЫЛҒА ТАЗА АУЫЗ СУ ЖЕТТІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ ҚАУІПСІЗ ДЕҢГЕЙДЕ

19:50, 21 қазан 2020

ДИКТОР: Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2025 жылы  өткен жылмен салыстырғанда екі есе өседі. Яғни 25 трлн 692 млрд теңгеге жетеді. 2021-23 жылдарға арналған бюджет жобасы қаралған мәжілістің жалпы отырысында осындай деректер келтірілді. Қарыздың өсуіне алдымен пандемия, жаһан экономикасының тоқырауға ұшырауы себеп болып отыр. Тілшіміз толықтырып айтады.

КСМ: Келер жылы қарыз жалпы ішкі өнімнің 30,3, 2022 жылы 30,5 пайызына дейін жетеді. Ал, елімізде мемлекеттік қарызды жалпы ішкі өнімнің 27 пайызынан асырмау туралы лимит бар.

СНХ: ДӘНИЯ ЕСПАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ  

1:13:55 Депутаттар мемлекеттік қарыздың мәселесін осыған дейін де талай көтерді. Соған қарамастан қарыз көлемі шекті лимиттен асып кетті. Осы мәселені шешу үшін, бюджетке түсетін ауыртпалықты азайту үшін қандай жоспар бар?

КСМ: Ұлттық экономика министрінің мәліметі бойынша қазынаға қарыздан түсетін салмақ бюджет тапшылығын азайту арқылы жеңілдетіледі. Яғни келер жылы жалпы ішкі өнімнің 3,4 пайызына теңессе 2023 жылы 2,1 пайызына дейін түседі.

СНХ: ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ

01:17:40 Мемлекеттік қаріз қазір қауіпсіз деңгейде. Жалпы ішкі өнімнің 27 пайызынан асырмау біздің ішкі шектеуіміз болатын. Халықаралық ұйымдар Жалпы ішкі өнімнің тең жартысын мемлекеттік қарызға бөлуге рұқсат етеді деді. Тіпті пандемияға байланысты лимитті одан да көтеру қарастырылып жатыр.

КСМ: Енді сандарды сөйлетейік. Келер жылдан бастап, экономика тұрақты өсім көрсетеді.

(КЕСТЕ) 2021 жылы ЖІӨ 2,8, 22 жылы 3,7, 23 жылы 4,6 пайызға дейін өседі.

(КСМ) Инфляция да 2023 жылға дейін 4-5 пайыз шамасына түседі. Ұлттық қордан алынатын трансфертке келсек.

(Кесте) Келер жылы 2 трлн 700 млрд, 2022де 2 трлн 400 млрд, 2023 жылы 2 трлн 200млрдқа дейін азайтылмақ. Яғни, 3 жыл ішінде қордан алынатын қаржы жарты трлн теңгеге азаяды.

КСМ: Болжам бойынша бюджет түсімі алдағы 3 жыл ішінде 600 млрд теңгеге өсіп, 12 трлн теңгеге жетеді. Ал шығындар 14,5 трлн теңгеден 13,9 трлн теңгеге дейін азайтылмақ. Жалпы шығындардың жартысынан көбі әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған.

СНХ: НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Алдағы 3 жылдық бюджетте ең біріншіден пандемия кезінде азаматтарды қолдау жағдайы ескерілді. Сонымен бірге жылдағы дәстүр бойынша экономиканы дамыту, әлеуметтік міндеттер, денсаулық, білім, еңбек салаларына ерекше назар аударылды.

КСМ: Отырыс барысында биылғы бюджет те нақтыланды. Яғни, бюджет кірісі 185 млрд, ал шығыны 205 млрд теңгеге ұлғаятыны белгілі болды. Коронавируспен күреске 238,7 млрд теңге бағытталады.

Тақырып бойынша материалдар

COVID-19:  ЖЕЛТОҚСАННЫҢ АЛҒАШҚЫ 3 КҮНІНДЕ 72 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
19:11, 3 желтоқсан 2020
COVID-19: ЖЕЛТОҚСАННЫҢ АЛҒАШҚЫ 3 КҮНІНДЕ 72 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БОЛЕЕ 30 ДОЛЬЩИКОВ НЕ МОГУТ ВЪЕХАТЬ В СВОЕ ЖИЛЬЕ
14:10, 30 қараша 2020
БОЛЕЕ 30 ДОЛЬЩИКОВ НЕ МОГУТ ВЪЕХАТЬ В СВОЕ ЖИЛЬЕ
Толығырақ...
«Ахмет Байтұрсынұлы - адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»
15:37, 30 қараша 2020
«Ахмет Байтұрсынұлы - адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбын...
Толығырақ...