ШҰҒЫЛ! ЕЛИЗАВЕТА СИНЕЛЬНИКОВА - ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

17:30, 7 қараша 2019


ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері 2019 жылдың 9 айында 59 тексеріс өткізіп, сондай-ақ субъектілерге барумен 15 профилактикалық бақылау шараларын жүргізген. Нәтижесінде, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың 55 дерегі анықталып, жалпы сомасы 185375 теңгеге 6 әкімшілік іс қозғалған. Сонымен қатар, тәртіптік жауапкершілікке 33 лауазымды тұлға тартылып, 16 – сөгіс, 16 – ескерту мен 1 – қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту жасалған. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына арналып өткен брифингте мәлім болды.

Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде облыста 4565338 қызмет көрсетілген. Олардың 83,1 пайызы – электронды форматта болса, 8,6 пайызы – қағаз түрінде жүзеге асқан. Бұл көрсеткіш мемлекеттік қызметтерді электронды форматта пайдаланудың жақсарғанын аңғартады. Электронды үкімет порталын белсенді пайдаланатын тұлғалар үлесінің көбейгені берілген элеткрондық-цифрлық қолтаңбалардың артуынан да байқалады.  Мәселен, 9 ай ішінде облыс тұрғындарына 266155 электрондық-цифрлық қолтаңба берілген. Сондай-ақ, департамент қызметкерлері азаматтардың құқықтары бұзылған жағдайларды шешу бағытында да біршама жұмыс атқарған. Ағымдағы жылы департаментке мемлекеттік қызмет сапасына қатысты барлығы 30 өтініш келіп түскен. Олардың жетеуі бойынша департамент тарапынан тиісті шара қабылданды. Тексеру нәтижелері көрсеткендей, шағымдардың басым бөлігі жер қатынастары мен сәулет саласындағы мәселелерге қатысты болып келеді.

ӘДІЛБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА ЖЕТЕКШІСІ

Мемлекет басшысы өз Жолдауында 2019 жылы мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын электрондық форматқа ауыстыру міндетін қойған болатын. Ал, 2020 жылы бұл көрсеткіш көрсетілген қызметтердің жалпы санының 90 пайызын құрауы тиіс. Бұл бағытта департамент белсенді жұмыс жүргізуде. Мәселен, жоғары оқу орындарында электронды мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткіземіз. Сондай-ақ, ауылдық жерлерге ерекше көңіл бөлінуде. Күні кеше ғана біз осындай оқытуды Зеренді ауданына қарасты Ақкөл ауылында өткіздік.

АЙЖАН АҚТАЕВА, САБЫР ҚҰЛАТАЙ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
16:59, 13 қараша 2019
БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
16:17, 13 қараша 2019
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
16:15, 13 қараша 2019
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
17:36, 12 қараша 2019
БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
Толығырақ...
 «ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ
17:20, 7 қараша 2019
«ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...