ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ!

16:14, 14 қараша 2017

Әдеп Кеңесінің отырысында алдымен Ақмола облыстық мәдениет басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескерту және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын-алуға қатысты атқарылған жұмыстардың қорытындысы тыңдалды. Басқарма басшысының айтуынша, саладағы заң бұзушылықтардың дені бугхалтерлік есеп жүргізу бағытында орын алады. Мысалы, өткен жылы сыбайлас жемқорлықтың 7 дерегі анықталған болса, биыл ондай оқиғалар тіркелмеген.  
Одан әрі Ақмола облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті сатып алу аудит бөлімінің басшысы Құсайынов пен аталған мекеменің бас маманы Ескееваға қатысты тәртіптік іс қаралды. Олар шешім дайындау және қабылдау кезінде заңды тұлғаларға артықшылықтар көрсетіп, мемлекеттік сатып алу талаптарын бұзған. Сөйтіп, мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттер жасаған. Сондықтан, екеуіне де қатаң сөгіс берілді. Ал, Зеренді ауданы Ортақ ауылының әкімі тұрғындарға дөрекілік көрсетіп, ауыр сөздер айтқан. Барлығы аудиотаспаға жазылып қалған. 
Ал, ауыл әкім өзінің кінәсін мойындап отыр. Дегенмен, мұндай әрекетке ауылдағы жетім-жесірлердің қамын ойлағандықтан бардым, - деп ақталды. 
Ауыл әкімінің әрекеттерінде мемлекеттік қызметкердің Әдеп Кодексіне сай келмейтін қылықтар болғандықтан, оған қатаң сөгіс беру туралы шешім қабылданды. Ал, Ақмола облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Гүлайым Әбдірахманова жұмысқа орналасқан күннен бастап, қызметін пайдаланып, қарамағындағы мемлекеттік қызметкерлерге моральдық-психологиялық қысым көрсетіп келген. Соның салдарынан, бір жыл ішінде 7 бірдей маман жұмыстан шығып кеткен. Әдеп кеңесінің мүшелері лауазымды қызметкердің бұл қылығына қатты шамданды. Осылайша, басқарма басшысының орынбасарына атқарып отырған қызметіне толық емес сәйкессіздік туралы шешім қабылдады. 
Нұргүл Нұрбайқызы

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ТУҒАН ЖЕРІҢ – ТҰҒЫРЫҢ!
15:12, 18 қазан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ТУҒАН ЖЕРІҢ – ТҰҒЫРЫҢ!
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БІЛІМ САПАСЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА
15:12, 18 қазан 2018
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БІЛІМ САПАСЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БЕС БАСТАМА
15:12, 18 қазан 2018
ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БЕС БАСТАМА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ӨҢІРДЕГІ ӨРЕЛІ ІСТЕР ҮРДІСІ
17:58, 12 қазан 2018
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ӨҢІРДЕГІ ӨРЕЛІ ІСТЕР ҮРДІСІ
Толығырақ...