ШҰҒЫЛ! «7-20-25» - ҚОЛАЙЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒДАРЛАМА Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

15:54, 8 қараша 2019


Күн сайын мемлекеттік қызметтерді алу әдістері жеңілдетілуде. Бұған қызметтерді электронды форматқа ауыстыру да ықпал етуде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы сандық жаңашылдықтар туралы келесі бейнесюжетте.

Бүгінде көптеген мемлекеттік қызметтер электронды форматта қолжетімді. Мәселен, кез-келген қажетті құжат – сотталмағандығы туралы анықтама, зейнетақы қорынан көшірме, жеке куәлігіңізді электронды түрде алудан бөлек, 20-дан астам танымал қызметті алу үшін смартфонға "Egov mobile" мобильді қосымшасын жүктеу жеткілікті. Сондай-ақ, қолданбаны пайдалану ыңғайлы болу үшін Face немесе Touch ID кіру жүйесі әзірленген. Яғни, сіз қызметті алу кезінде саусақ іздері немесе бет сканері арқылы қол қоя аласыз.

НҰРБЕК ҚАЙЫРЖАНОВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сондай-ақ, «Egov mobile» қосымшасында электронды құжаттардың функциясы бар. Ол жерде жеке куәлік пен туу туралы куәлік деректері бар. Бүгінгі таңда нотариустарда да аталмыш жаңашылдықтарды пайдалануға болады.

Мысалы, егер өзіңізбен жеке куәліктің түпнұсқасы болмаған жағдайда, оны нотариуске QR-код арқылы электронды түрде ұсына аласыз. Осылайша, құжатыңыздың түпнұсқа екенін растай алады. Қазақстандықтар үшін маңызды жаңалықтардың бірі - 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамаларының алынып тасталуы болып отыр. Енді азаматтарға ең танымал қызметті алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінудің қажеті жоқ.

НҰРБЕК ҚАЙЫРЖАНОВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап мемлекеттік қызметтер тізімінен мекенжай анықтамасы алынып тасталды. Бүгінгі күні азаматтардың өтініштері айтарлықтай төмендеді. Себебі, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар осы анықтаманы талап етпейді. Кез келген азамат өзінің мекен-жай мәліметтерін жеке кабинеттегі электронды үкімет пен «Egov mobile» сияқты сервистер арқылы көре алады.

Алайда, азаматтар үшін ыңғайлы жаңашылдыққа қарамастан, әлі де мекенжай анықтамасын сұрайтын ұйымдар бар. Қорыта келгенде, «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері азаматтарды сандық жаңалықтарды пайдалануға шақырады. Және сол арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінбей-ақ, уақытты үнемдеуге болады,-дейді. Сондай-ақ, электронды қызметтерді алу дағдыларын игергісі келетіндер үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында цифрлық сауаттылықты оқытудың арнайы сыныптары ашылған.

АЙЖАН АҚТАЕВА, НҰРСҰЛТАН ИБРАЕВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАҒА ӨТГЕРТУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
18:48, 11 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАҒА ӨТГЕРТУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
ДАНИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ
18:45, 11 желтоқсан 2019
ДАНИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ
Толығырақ...
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДАҒЫ ҰСТАЗДАР  ЖЕҢІСІ
16:21, 11 желтоқсан 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДАҒЫ ҰСТАЗДАР ЖЕҢІСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

16:38, 6 желтоқсан 2019
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. СОТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ
16:49, 6 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. СОТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ
Толығырақ...