ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТӘРТІПТІК ІС ҚАРАЛДЫ

18:35, 11 шілде 2018

РКС: Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облыстық департаментінің жетекшісі Құлмұхан Бегилов Әдеп Кодексінің нормалары мен «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң талаптарын бұзып, өзінің қарамағындағы қызметкерлерге дөрекілік танытып келген. Сонымен қатар, оның өнеркәсіптік нысандарға жоспарсыз тексерулер жүргізіп, қызметтеріне кедергі келтіруге тырысқандығы айтылды. Алайда, лауазымды тұлға өзінің кінәсін мойындамады.

СНХ: ҚҰЛМҰХАН БЕГИЛОВ, ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ // Менің тарапыма қатысты айтылып жатқан айыптауларға келіспеймін. Мұның бәрі шындыққа сай келмейді. Маған қатысты департамент қызметкерлері жүргізген қызметтік тексерулер де жан-жақты қарастырылып, зерттелмеген.  

РКС: Әдеп кеңесінің мүшелері Құлмұқан Бегиловтың мемлекеттік қызметкерге сай келмейтін әрекеттері туралы мәселенің бұрыннан көтеріліп келе жатқанын айтып, кемшіліктерін түзетуге тырыспаған лауазымды тұлғаға наразы болды. Сөйтіп, оған «қызметінен босату» туралы шара қолдану ұсынылды. Сонымен қатар, жиында Сандықтау аудандық  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Мәдина Дүйсенбаеваға қатысты тәртіптік іс қаралды. Ол да өзінің қарамағындағы қызметкерлерге дөрекілік танытып, Әдеп Кодексінің нормаларын бұзған.  

СНХ: ӘЛИЯ ЖАНҰЗАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ //Сандықтау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Мәдина Дүйсенбаеваның Әдеп Кодексінің нормаларын бұзуына қатысты қызметтік тексеру жүргізілді. Лауазымды тұлға өзінің қарамағындағы қызметкерлерге ауыр сөздер айтып, дөрекілік танытқан.

РКС: Алайда, аудандық мәдениет бөлімінің жетекшісі өзінің кінәсін мойындамады. Барынша өзін ақтап алуға тырысты. Дегенмен, Әдеп кеңесінің мүшелері куәгерлердің түсініктемелері мен аудиожазбаға сүйене отырып, оған «қызметінен босату» туралы шара қолдануды ұсынды.

Нұргүл Нұрбайқызы

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
14:16, 13 желтоқсан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
18:18, 7 желтоқсан 2018
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
19:53, 6 желтоқсан 2018
«АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА».  БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
18:18, 7 желтоқсан 2018
«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...