ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ӨТКЕН СПОРТ САЙЫСЫ

18:42, 13 маусым 2018

РКС: Сайыс спорттың бірнеше түрінен ұйымдастырылды. Волейболдан, дойбы мен шахматтан мемлекеттік қызметкерлер бақтарын сынап, жарыс алаңына шықты.

СНХ: МАНАТ ӘБДІРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///Қызметкерлер арасында волейбол, дойбы, шахмат ойындарынан сайыс өткізіп жатырмыз. Мақсатымыз – мемлекеттік қызметкерлердің қоғам арасында беделін арттыру, оларға деген сенімділікті күшейту. 17 аудан мен 2 қаладағы барлық аумақтық бөлімшелердегі мемлекеттік қызметшілер қатысуда. Мұндай шараларды ай сайын өткізуді жоспарлап отырмыз.

РКС: Кездесу барысында мықтылар анықталды. Волейбол сайысында Зеренді ауданының «Сұңқар» құрама командасы кубок иегерлері атанды. Шахматтан Жарқайың аумақтық инспекциясының жетекшісі Дәурен Ерғалиев үздік деп танылса, дойбыдан Сандықтау аудандық инспекциясының жетекшісі Қалымжан Хаметов оза шықты. Мемлекеттік қызметшілер мұндай шаралардың өткізілуі жұмыстарына тек оң ықпал ететіндіктерін айтуда.

СНХ: СВЕТЛАНА ЕМЖАНОВА, АРШАЛЫ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///Бүгінгі сайыстан анық байқауымызға болады, біздің қызметкерлерімізді нағыз спортшылар деп айтуға болады, жас ерекшеліктеріне қарамастан, сайысқа белсене атсалысуда.  Оны дойбы, шахмат, волейбол сайыстары арқылы дәлелдеп жатыр. Бұл сайыс бізге жақсы бір серпіліс, алдағы жұмысымызды сергек орындауға септігін тигізеді деп ойлаймыз.

РКС: Сайыс соңында жеңімпаздарға кубоктар мен арнайы мақтау қағаздары табыс етілді. Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы өткізген «Игі істер» акциясын ұйымдастырды. Қайырымдылық шара барысында жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетілді.

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
18:43, 25 қыркүйек 2018
ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар