ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ КӨТЕРМЕЛЕУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

19:30, 16 мамыр 2019

РКС: Өткен жылдан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мереке кезінде бәріне бірдей сыйақы беру жүйесінен бас тартып, жұмысы нәтижелі қызметкерлер үшін қосымша сыйақы бонустарын бөлу пилоттық  жүйесі енгізілгені белгілі. Жаңа жүйе бойынша жағдайдың теңсіздігі алынып тасталады. Себебі, бонус әрбір мемлекеттік қызметшіге беріледі. Жалпы, балдық шкала бойынша, бонустар ең алдымен қызметтік міндеттемені орындауда тиімділік пен жауапкершілікті күшейтуді көздейді.

СНХ: АЙГҮЛ ШАЙЫМОВА,  ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ///// Тұңғыш Президент-Елбасы тиімді мемлекеттік аппарат құру туралы мақсат қойды. Неге десеңіз, мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігіне тікелей әр реформаның сәтті жүзеге асуы байланысты. Осы орайда оларға қойылатын негізгі талабы қоғамға әсер ететін тиімді нәтижеге қол жеткізу. Қазіргі кезде бұл мемлекеттік аппараттың жұмысын бағалайтын басты көрсеткіш. Сонымен қатар осы қағида жаңа жалақы жүйесінің негізінде салынған. /// 

РКС: ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымованың айтуынша 2018-ші жылдан бері мемлекеттік қызметкерлерге тұрақты жалақы белгіленген. Ал жүргізілген оңтайландыру мен әкімшілік шығыстарды қысқарту жүйесі атқарушы құрамға қосымша 30% - дан 60% - ға дейін үстеме төлеуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған ілкімді жоба жыл соңына дейін жалғасатын болады. Таяуда жобаға қатысатын 3 мемлекеттік органда бонус төленеді деп күтілуде.

СНХ: МАРАЛ АТАМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ ///2018-ші жылдың қорытындысы бойынша менің қызметіме үздік баға берілді. Осы бағаға сәйкес маған жақында ғана бонус берілді. Осы бонустан түскен қаражатты ата-анамның үйін жөндеу жұмыстарын жүргізуге және де қызымның жазғы демалысын ұйымдастыруға жұмсаймын деп жоспарлап отырмын. Енгізілген жаңа еңбекақы жүйесі мемлекеттік қызметшілердің еңбекке деген қатынасын түбегейлі өзгертеді. Олардың тиімді еңбегіне, жасампаздыққа ынталандырады, - деп ойлаймын. ///  

РКС: Брифинг барысында стратегиялық бастамалар орта­лығының аға серіктесі Олжас Құдайбергенов пен «Talap» қолданбалы зерттеулер орта­­лығының директоры Рахым Ошақбаев жең ұшымен жалғасқан жемқорлықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелілігі туралы баяндады. Шараға облыстың барлық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент жетекшілері мен мамандары қатысып, өздерін толғандырып жүрген сауалдарына тиісті жауап алды.  

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
18:11, 27 мамыр 2019
ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Толығырақ...
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ  БАСТАЛДЫ
18:11, 27 мамыр 2019
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
20:31, 23 мамыр 2019
СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Толығырақ...
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:39, 22 мамыр 2019
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АН...
Толығырақ...