ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ

19:20, 6 желтоқсан 2019

 


Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында  «Ашық есік» күні өтті. Мамандар мүгедектердің құқықтары мен мүддесін қорғауға бағытталған заңнамалардың қолдануына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кеңес берді. Негізгі мәселелер әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды тағайындау, соның ішінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін жаңа өлшемдер бойынша атаулы әлеуметтік көмек алуға қатысты болды.

Айта кетейік, облыс көлемінде жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек алуға 11 мыңға жуық өтініш қабылданса, соның ішінде 9,6 мың отбасыға көмек тағайындалған. Олардың 3 мыңнан астамы көп балалы отбасылар. Атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 4,5 млрд. теңге, оның  537 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылған. Жұмыспен қамту мәселесіне тоқталатын болсақ, белсенді шараға 602 адам жұмылдырылып, бүгінде олардың 85%-дан астамы еңбекке орналастырылған. Жалпы, ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша облыста 15 788 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның басым бөлігі Көкшетау қаласының үлесінде.

ДИНА АХМЕТЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Алдағы уақытта мұндай шараны тоқсан сайын өткізуді жоспарлап отырмыз. Яғни, сол арқылы тұрғындар тарапынан түсетін барлық сұрақтар мен мәселелерді тұрғылықты жерде, өз деңгейімізде шешетін боламыз. Бүгін тұрғындар тарапынан келіп түскен сауалдарының көбі жұмыспен қамтуға байланысты болды.

Шараға келген тұрғындардың мәселелері де әралуан. Бірі мүгедектерді қолдауға бағытталған жоба әзірлеп келсе, бірі аутизм мәселесімен келген. Мәселен, осыдан бір жарым жыл бұрын алғаш қалалық жұмыспен қамту бөлімінің көмегіне жүгінген көпбалалы ана Анар Батырәлиева қазіргі таңда «Антикафе» ашып, қайырымдылықпен айналысып, мұқтаж жандарға киім-кешек үлестіреді. Бүгінде бұл іске студенттер қауымы белсене араласып, еріктілікпен айналысуда.  

АНАР БАТЫРӘЛИЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА

Бүгін мен аталған шараға өзімнің 14 жасар қызымның мәселесі бойынша келдім. Қызым тамыз айынан бастап талып қала беретін болды. Осымен бұл жағдай 6-шы рет қайталанып отыр. Сондықтан, қызымды үйде оқыту мәселесін шешу үшін мамандардан қажет кеңес алдым. Маған қызметкерлер құжаттардың қалай рәсімделетінін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Тиісті сауалдарыма жауап алғандықтан, ендігі кезекте қажетті құжаттарды жинайтын боламын. Мұндай шаралар жиі өтіп тұруы керек деп есептеймін. Адамдардың мазалаған мәселесін бір жерде шешуі өте тиімді деп ойлаймын.

Шара барысында оған келушілер өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алып, ұсынған идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, жаңа форматтағы мақсатты әлеуметтік көмек алуға қатысты жеке кеңес ала алды.

АЙЖАН АҚТАЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:40, 23 қаңтар 2020
ОБЛЫСТЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ
18:38, 23 қаңтар 2020
ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ҚОЛҒА АЛЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ВАЛИДАТОРЛАРМЕН ЖАРАҚТАЛУДА
15:37, 20 қаңтар 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ВАЛИДАТОРЛАРМЕН ЖАРАҚТАЛУДА
Толығырақ...
ЖЕРГІЛІКТІ 9 ҚАЛАМГЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ АУДИОКІТАП РЕТІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ
15:22, 17 қаңтар 2020
ЖЕРГІЛІКТІ 9 ҚАЛАМГЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ АУДИОКІТАП РЕТІНДЕ ЖАРЫҚ...
Толығырақ...
ӨТКЕН ЖЫЛЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 167 ҚЫЛМЫСТЫҚ  ІС ТІРКЕЛГЕН
15:50, 22 қаңтар 2020
ӨТКЕН ЖЫЛЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 167 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІ...
Толығырақ...