ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС

19:13, 29 қазан 2020

ДИКТОР:  Биыл өңірде  мемлекеттік органдар көрсететін электронды қызмет түрі артқан.  Өткен жылмен салыстырғанда 10 процентке артық.  Бұл туралы облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменті жетекшісінің орынбасары Дархан Хайруллин мәлімдеді. Сондай-ақ брифинг барысында 9 айда атқарылған жұмыстарын қорытындылады.

РКС:  Жыл басынан бері халыққа 5 млн-ға жуық мемлекет қызмет көрсетілген. Бұл көрсеткіш жыл санап артып келеді. Биыл шағым саны да азайған.  Департамент «Шанс» қоғамдық қорымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жандарды қызметті электронды түрде  алу дағдыларына  оқытты.  Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы жақсарыпты.

СНХ:  ДАРХАН ХАЙРУЛЛИН, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ//РУС// Мемлекеттік қызметкерлердің 88 проценті жоғары білімді. 17 процентінің бірнеше дипломы бар білікті маман. Соңғы 3 жылда жүйеден босатылған адамдардың саны азайды. Жыл басынан бері мемлекеттік қызметке алғаш рет 420 адам қабылданды. 2232 азамат заңнамалық сауаттылығы бойынша тестілеуден өтіп, 48 проценті шекті балл жинаған. Жергілікті атқарушы органдар қызметшілерінің 80,1 проценті жоғары лауазымдарға тағайындалды.

РКС: Биыл  Әдеп жөніндегі кеңесте 44 сұрақ қаралып, 15 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің сыйлық алуына қатысты 1 жағдай тіркелген. Сый табыстаған адамға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде  әкімшілік айыппұл салынған. Осы ретте департамент жетекшісінің орынбасары заңға енгізілген соңғы өзгерістерге  тоқталып өтті.

СНХ: ДАРХАН ХАЙРУЛЛИН, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ//РУС//  00:18 егер бұрын ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынған болса, қазіргі заң бойынша мемлекеттік қызметшілерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған өзге де тұлғаларға беруге рұқсат етілген сыйлықтың шекті құны жойылды. Мұндай сыйлықтар 7 күн ішінде облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі департаментіне жіберілуі тиіс.

РКС: Мемлекеттік қызметші тек отбасылық-салтанатты іс-шаралар аясында ғана жақындарынан сыйлық алуына болады. Сондай-ақ мемлекеттік лауазымға  үміткер  ұйымның басшылығына сол жерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе  жұбайы туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Мақсат – мемлекеттік қызметкерлердің жақындарымен бірлесіп жұмыс істеуіне жол бермеу.  Осылайша, департамент өкілі алдағы уақытта  да адал және сапалы  қызмет көрсететіндерін жеткізді.

АЙГҮЛ  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар