ШҰҒЫЛ! ҰЛТТЫҚ КЛАССИКА ЖАУҺАРЫ САХНАЛАНДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ БЕКІТІЛГЕН ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

18:35, 11 шілде 2018

РКС: Заңға сәйкес мемлекеттік Елтаңба мен Туға бекітілген ұлттық стандарт талаптары міндетті саналады. Әйтсе де, соңғы жылдары жергілікті атқарушы  органдар тарапынан елтаңбаның сапалы жасалмай жүргендігі туралы шағымдар көбейіп кеткен. Бұл әрине, мемлекеттік рәміздерді дайындайтын мекемелердің көптігінен орын алуда. Енді бұл олқылықтарға жол берілмейтін болады. Яғни, мемлекеттік рәміздерді  дайындау енді бір монополияға тапсырылады деп күтіледі.

СНХ: ОКСАНА САЛАХОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ   /// Мәдениет және ақпарат министрлігі деңгейінде мемлекеттік рәміздерді дайындауды бір монополияға тапсыру ұсынысы енгізілді. Нақтырақ айтсақ, мұнымен енді ақша сарайы айналысады деп болжануда.  Қазір рәміздерді дайындаумен серіктестіктер мен жеке кәсіпкерлер, яғни шамамен 17 мекеме айналысатын еді. Бұл әрине, мемлекеттік стандарттар талаптарын орындаудан көптеген ауытқулар  тудыруда. Яғни, рәміздердің, әсіресе, елтаңбаның түсінен ауытқушылықтар орын алып,  сапасы ақсаңдауда. Тіпті, кейде өлшемдерінен де қателер орын алып жатады. ///

РКС: Семинарда мемлекеттік рәміздердің орналасуы мен қолдану аясы туралы толық ақпарат беріліп, мемлекеттік орган өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар қайтарылды. Мәселен, мемлекеттік рәміздерді пайдалану және қолдануға қатысты заңбұзушылықтарға жол берілсе, 200-ден 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал жауапқа аталмыш мемлекеттік мекеменің жетекшісі тартылады.

СНХ: ЛӘЗЗАТ ҚҰСАЙЫНОВА, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ   /// пайдалы ақпаратқа толы өте жақсы семинар өтті. Ол үшін облыстық ішкі саясат басқармасына алғысымыз шексіз. Мемлекеттік рәміздерге байланысты бірқатар өзгерістер енгізілген. Бұл туралы бізге түсінікті етіп жеткізілді, сұрақтарымызға жауап берілді. Ал, енді мемлекеттік рәміздерді дайындау бір ғана кәсіпорынға тапсырылатыны өте жақсы деп санаймын. Бұл әрине де қазіргі заңбұзушылықтар болмайды деген сөз. ///

 

РКС: Өкінішке орай бүгінгі таңда мемлекеттік рәміздерді тиісті ережеге сәйкес пайдаланбау фактілері әлі де кездеседі. Семинарда әнұранның орындалу тәртібіне қатысты да ережелер таныстырылды. Ең бастысы, мемлекеттік Ту, Әнұран мен Елтаңба – Тәуелсіздіктің тірегі, бабалардың асқақ арманы мен асыл мұраты екенін ұмытпау қажет,-делінді семинарда.

Бибінұр Әмірханқызы

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ БАҒЫТ!
19:10, 20 шілде 2018
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ БАҒЫТ!
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРНЫ. ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК!
19:10, 20 шілде 2018
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРНЫ. ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар