ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА 57 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

16:32, 8 қараша 2018

РКС: Көкшетау қаласындағы «Звоночек» балабақшасы кәсіпкер Ғалия Рахымберлинаның сенімді басқаруына тапсырылғалы екінші тынысын бастады деуге болады. Бүгінде тәрбие мекемесінің есік-терезелері ауыстырылып, бірқатар бөлмелерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар балабақшаны оңтайландыру мен жаңғыртуды қолға алған кәсіпкер жаңа топ ашып, бала санын ұлғайтуды көздеп отыр.

СНХ: ҒАЛИЯ РАХЫМБЕРЛИНА, КӘСІПКЕР   // Сенімді басқаруға берілген соң кәсіпкердің ең басты міндеттерінің бірі, бұл балғындар үшін мекемеде жайлы жағдай жасау. Ең алдымен, мен ғимараттың есік-терезелерін ауыстыруды қолға алдым. Ғимаратта барлығы 157 терезе бар болса, қазірде оның 80 пайызы ауыстырылды деуге болады. Осы апта соңына дейін терезелерді ауыстыруды толық аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бүгінде санаторлық топқа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа жылға дейін акт залын жөндеуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар жөндеуден өткен топтардың жиһаздарын жаңартатын боламыз.

РКС: Сапалы білім беруге жағдай жасаумен қатар Ғалия Рахымберлина балғындардың денсаулығына да ерекше көңіл бөлуде. Балабақшада түрлі дерттің алдын алып, тиісті шипа беретін тұзды шахта бөлмесін ашты. Сөйтіп, 30 жылға сенімді басқаруға берілген балабақшаны кәсіпкер алдағы уақытта күрделі жөндеуден өткізіп, заман талабына сай жабдықтауды көздейді. Биыл терезелері мен қосымша топ бөлмелерін жөндеуге кіріссе, алдағы жылы ғимараттың сыртқы келбетін келістіре жөндеп, аулаға асфальт төсеуді жоспарлауда. Айта кетейік, өңірімізде мемлекет пен кәсіпкерлердің бірлесе қолға алған жобалардың басым бөлігі білім беру саласына тиесілі және бұл негізінен жұмыс істеп тұрған мекемелерді кәсіпкерлерге сенімді басқаруға тапсыру негізінде жүзеге асырылуда.

СНХ: ӘСЕТ ДҮЙСЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ  // Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында білім беру саласында жалпы 27 жоба жүзеге асырылуда. Оның 10-ы мектепке дейінгі тәрбие мекемелеріне қатысты. Оған тартылған инвестиция көлемі 688 миллион теңге. Орта білім беру саласында 17 жоба бар, инвестиция көлемі 103 миллион теңге. Сонымен қатар бүгінде Зеренді ауылындағы  балалар-сауықтыру лагерін сенімді басқаруға тапсыру бойынша байқау жарияланды. Құжаттарды қабылдау қарашаның 27-іне дейін жүреді. Жыл соңына дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тағы 3 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл Ерейментау ауданында екі жеке меншік балабақшаның ашылуы және Жарқайың ауданында балабақшаны сенімді басқаруға тапсыру.

РКС: Бүгінде Көкшетау қаласы бойынша 6 балабақша мен 17 мектеп асханасы кәсіпкерлердің сенімді басқаруына берілген.

КЕСТЕ: Ал, жалпы облыс көлемінде сомасы 278,2 миллиард теңгені құрайтын 57 жоба жүзеге асырылуда.  Білім беру саласында 42 жоба, денсаулық сақтау саласында 4 жоба, тұрғын үй құрылысы 6, көлік және энергетика салаларында екі жобадан, спорт саласында 1 жоба.

РКС: Бүгінде Ақмола облысы бойынша барлығы 16 жобаны  кәсіпкерлердің сенімді басқаруына табыстау көзделуде. Олардың қатарында білім беру ұйымдарының автономды 8 қазандығы, екі балабақша, «Көкшетау автобус паркі» серіктестігі, футбол клубы бар.

Бибінұр Әмірханқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚТАР ХАЛЫҚҚА 1 000 000 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:58, 20 қараша 2018
ОРТАЛЫҚТАР ХАЛЫҚҚА 1 000 000 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...
БІЗДІҢ АЙКЕН – БАЙҚАУДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ!
18:58, 20 қараша 2018
БІЗДІҢ АЙКЕН – БАЙҚАУДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ!
Толығырақ...
ЖҮЗІ ЖАЙРАҢ, КӨҢІЛІ МЕЙРАМ- «ЖАЙДАРМАН»!
18:58, 20 қараша 2018
ЖҮЗІ ЖАЙРАҢ, КӨҢІЛІ МЕЙРАМ- «ЖАЙДАРМАН»!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЕШЕНДІК ӨНЕР  ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
18:28, 15 қараша 2018
ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА РЕФОРМАЛАР МЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН
18:28, 15 қараша 2018
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА РЕФОРМАЛАР МЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН
Толығырақ...