ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ. НҰРЛАН МІНАЙДАРОВ Толығырақ

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

17:22, 11 шілде 2019

РКС: Облыстық аумақтық кәсіподақтар орталығы балалардың жазғы демалыс уақытын өткізуіне тыңғылықты дайындалды. Мәселен, алғашқы пилоттық жоба ретінде биыл жазғы лагерьдегі 10 пайыз жеңілдігі бар демалыспен кәсіподақ мүшелерінің балалары толық қамтылған. Ал, тамыз айының 1-і мен 10-ы аралығында «Парус» балалар сауықтыру орталығы демеушілік көмек ретінде Арыс қаласынан келген 200 мектеп оқушысы мен 20-ға жуық мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдамақ. 

СНХ: ҚАЛИ РАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Біз бүгін тағы бір келісім-шартқа қол қойып отырмыз. Қазіргі таңда біз дәріхана желісімен, туристік компаниялармен келісім-шарт орнатқанбыз. Сонымен қатар, сауда серіктестеріміз де бар. Ендігі кезекте, кәсіподақ мүшелері жылдың кез келген уақытында «Парус» балалар сауықтыру орталығына келіп, балаларымызды сауықтырып, 10 пайыз жеңілдік ала алады.

РКС: Бүгінде Ақмола облысында 40-қа жуық лагерь бар. Биылғы жылы облыста балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында аймақта 20 лагерь жұмыс жасауда. Ал оларда елу мыңнан астам бала демалады. Әрбір ауысым бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылады.

СНХ: ҚАЙРАТ СҰЛТАНОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТУРИЗМІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Бүгін біз балалар қауымдастығының өкілдері ретінде кәсіподақтарға барлық балалар лагерьлерімен шарт жасауды ұсынамыз. Жалпы, меморандум аясында балалар сауықтыру орталықтары кәсіподақ жүйесіне тікелей кірсе деген ұсынысымыз бар.  Менің ойымша, республика көлемінде осындай қарқынмен дамытып, Үкімет тарапынан көбірек қолдау болса, біз бұдан да көбірек балаларды қамтитын едік.

РКС: «Парус» балалар сауықтыру орталығы 2015 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл нысан балаларды 4 мезгілде де қабылдауға қауқарлы. Лагерьде педагогикалық шеберлігі жоғары, бала демалысын жүйелі атқаруға қабілетті тәрбиешілер іріктеліп алынған. Әрбір ауысым бойынша 150 бала, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балғындар да кәсіподақ есебінен демалады.

АЙЖАН АҚТАЕВА.

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҚОҒАМ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ!
19:07, 15 қараша 2019
РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҚОҒАМ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ!
Толығырақ...
ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ – ШАРУА ТАБЫСЫНЫҢ КІЛТІ!
19:05, 15 қараша 2019
ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ – ШАРУА ТАБЫСЫНЫҢ КІЛТІ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
17:36, 12 қараша 2019
БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
Толығырақ...