ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГА ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

15:05, 13 маусым 2018

ДК: «Мен қазақпын» мега жобасының Ақмола облысындағы ауданаралық іріктеу кезеңдері қорытындыланды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Көкше» телеарнасы мен мәдениет басқармасы мамандары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, жобаның облыстық кезеңі туралы ақпарат берді. 

РКС: «Мен қазапын» мега жобасының екінші маусымы жаңа қарқынмен қанат жайды. Биыл жобаның іріктеу кезеңі ауданаралық деңгейде басталды. Бұл өңірдегі өнер иелерінің жобада бақ сынауына мүмкіндік ұсынды. Нәтижесінде тележобаға аудан, ауылдардың үмітін арқалаған 100-ге тарта өнерпаз қатысты.

СНХ: БЕРІК ӘБДІЛМАНОВ, «ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ  ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ///"Мен қазақпын" жобасының мақсаты өздеріңіз білетіндей ұлттық өнерді, ұлттық дәстүрді дәріптеу.Жоба үш бағыттан тұрады, біріншісі дәстүрлі ән, екіншісі күй және үшінші бағыт терме жанрлары бойынша. + ҚР Ақпарат және байланыс министрлігінің "Қазақстан" ұлттық телеарнасымен бірлесіп ұйымдастыруымен, және облыстық әкімдіктердің қолдауымен өңірлерде іріктеу сындары жүріп жатыр. Бірінші кезең облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің қолдауымен Ақмола облысында да өтті.

РКС: Іріктеу кезеңдері Целиноград, Бурабай, Зеренді аудандарында өтті. Дәстүрлі ән, күй, терме жанрларында сайсқа түскен өнерпаздардың 30-ға жуығы облыстық кезеңге жолдама алды. Олар 18 маусым күні Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында өнер көрсетеді. Облыстық кезеңнен топты жарып үздік шыққан 3 өнерпаз республикалық сайыста Көкше өңірінің намысын қорғайды.

СНХ: ТОҚТАРБЕК ҚАЛДЫРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ /// Ел іші - өнер кеніші, - демекші осы байқауға қатысамын деген, ұлттық өнерімізді ұлықтап жүрген дәстүрлі әнші, күйші, термешілер бақтарын сынады. Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады, - дегендей, бағы мен бабы келіскен өнерін сәтті, жоғары деңгейде көрсете білген қатысушылар келесі облыстық кезеңге жолдама алды.

РКС: Былтырғы жылы мега жобаға Ақмола облысынан қатысқан Бауыржан Нұрмұқанов көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Ұйымдастырушылар биылғы қатысушылар арасында да Арқаның төрі, киелі Көкше елі үмітін ақтауға лайық өнерпаздар бар деседі.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
18:43, 25 қыркүйек 2018
ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар