ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

...МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!

14:23, 6 желтоқсан 2018

РКС: Ұлт көшбасшысының стратегиялық жоспарларының арқасында Қазақстан қарқынды әлеуметтік-экономикалық даму жолына түсіп, жаңа тарихи жағдайда халықаралық беделі жоғары, табысты мемлекетке айналып отыр. Мемлекет басшысы әлемнің дамыған 30 елдерінің қатарынан Ұлы дала елінің де болғанын өз көзімен көргісі келеді. Осы орайда, Елбасы қазақстандық жастарға зор үмітпен қарап, сенім артып отыр. Өз Жолдауында келесі жылды «Жастар жылы» деп атап, елдің болашағының кемел боларына айқын жол көрсете білді.

СНХ: ЖАБАЛ ЕРҒАЛИҰЛЫ, ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ ///Елбасының міндетінің барлығы да біздің мәңгілік ел болуымыз. Елбасының бағдарламалық мақалалары мен Жолдауларынан бөлек өзінің кітаптар жинағы бар. Осы кітаптарды жастар жата-жастана оқыйтын болса онда болашағына керекті біраз рухани дүниелерді жинаған болар еді.

РКС: Шарапаты мол шараға оқу орнының студент жастары, соның ішінде еліміздің өркендеп дамуына сүбелі еңбектерін қосып келе жатқан «Жас отан» жастар қанатының мүшелері де қатысты.  Биылғы оқу жылында білім алушылар үшін мемлекет тарапынан педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша 20 мың грант бөлінген болатын. Сол грант иегерлерінің қатарында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қабырғасында білім алып жатқан студенттер де аз емес.

СНХ: АЙДАР ҚОЖАБАЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ///Негізгі мақсат жастарға Елбасының елі үшін істеген ерен еңбектерін түсіндіру. Еліміздің даму жолындағы бастамалардың барлығының басында Ұлт көшбасшысы тұрғанын бәріміз білеміз. Мемлекет тарапынан да жастарға үлкен қолдаулар жасалып отыр, соны олар сезініп, артылған тапсырмаларды тыңғылықты орындауы керек.

РКС: XXI ғасыр қазақ елі үшін тың бастамалардың белең алуымен есте қалары хақ.  Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету керек екендігін де Президент ерекше атап өткен. Тәуелсіздігімізді сақтап, еліміздің өркендеу жолында Елбасы айқындаған стратегиялық бағыттарды ұстансақ, кейінгі ұрпаққа үлгі боларымыз анық. Сессия барысында баяндамалардан бөлек, жастарға патриоттық рух беретін жігерлі әндер де  шырқалды.

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
14:16, 13 желтоқсан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
18:18, 7 желтоқсан 2018
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
19:53, 6 желтоқсан 2018
«АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА».  БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
18:18, 7 желтоқсан 2018
«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...