ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

МЕРЕКЕ ЖҮСІПОВ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

18:12, 10 қаңтар 2019

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, РЕДАКТОР///

РКС: Белгілі боксшы, білікті бапкер Мереке Жүсіповтің алдына қойған негізгі мақсаты – өзі туып-өскен, спортта қанаты қатайған Красный Яр селосындағы іні-қарындастарының салауатты өмірге қызығушылығын арттыру болатын. Ол діттеген міндетінің жүзеге асқандығын жарыс кезінде айқын сезініп, қуанышқа кенеліп жүр.

СНХ: МЕРЕКЕ ЖҮСІПОВ, БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ, ҚР ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ/// Осы турнирде тұсауы кесілген талай ұландар бокстың қыры мен сырын меңгеріп, алды Азия, әлем чемпионы атанды. Көрші Ресейдің Омбы қаласында тұратын командалас досым Александр Березин өзі тәрбиелеген шәкірттерінің бірнешеуі Красный Ярда өтетін турнирден тәжірибе жинап, халықаралық жарыстарда өнер көрсетуде,-деді. Демек, біздің алға қойған мақсатымыздың орындалғаны емес пе бұл?

РКС: Отызға жуық қалалар мен аудандардан, Ресейдің Омбы қаласынан келген боксшы өрендер бірнеше күн бойы шаршы алаңда шайқасып, техникалық, тактикалық шеберлік көрсете білді. Бір қуанарлығы, Қостанай облысындағы шағын ғана Арқалық қаласының бірнеше балғын боксшысы Мереке Жүсіпов турнирінде жарқырап көрінді.

СНХ: АЛИХАН ҚҰЛАНБАЕВ, ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ (АРҚАЛЫҚ ҚАЛАСЫ) /// Соңғы жылдары біздің шағын қаламызда бокс қайта жанданды. Заманауи талапқа сай бой көтерген спорт кешенінде арнаулы бокс залы бар. Біздер жарысқа жиі шығып тұрамыз. Мереке Жүсіпов турниріне тұңғыш рет  келіп, жеңіске жеттім. Алда мені әлі талай жарыстар күтіп тұр. Соған дайындаламын.

РКС: Біздің жерлестеріміздің арасында тәжірибелі жаттықтырушы Александр Упатовтың шәкірті Андрей Васильев  және атбасарлық Владимир Первушин, Степногорск қаласының өрені, ауыр салмақта сынға түскен Ян Высоцкий чемпион атанды. Өзге де боксшылардың өнеріне жанкүйерлер тәнті болып, төрешілер әділ бағасын берді.

СНХ: ҚУАТ БЕЙСЕНБАЕВ, ТУРНИРДІҢ БАС ТӨРЕШІСІ/// Бұл турнирдің географиясы мен мәртебесі артып келеді. Әсіресе, географиясының ауқымы кеңейіп келеді. Жасөспірім  боксшылардың техникалық шеберлігі де шыңдала түскен. Финалда кездескен спортшылардың бәрі жеңіс пен жүлдеге лайықты болды. Қорыта айтқанда, Жүсіпов турнирі жақсы деңгейде өтті.

РКС: Соңғы жылдары Ақмола облысында бокс бұқаралық сипатқа ие болып келеді. Шеберлік шыңдап, тәжірибе жинауда Мереке Жүсіпов турнирінің мәртебесінің биік екені сөзсіз.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
15:11, 21 қаңтар 2019
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
Толығырақ...
ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН НЕСИЕГЕ  4 МЛРД ТЕҢГЕ  ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
15:11, 21 қаңтар 2019
ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН НЕСИЕГЕ 4 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
18:43, 15 қаңтар 2019
ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
Толығырақ...