ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУДЕ

19:30, 5 ақпан 2019

РКС: Партияның қалалық филиалының 28-ші кезектен тыс конференциясының жұмысына мәжіліс депутаттары мен 60 делегат қатысты. Жиын барысында партияның 2018 жылғы жұмысы қорытындыланды. Бүгінгі таңда партияның  Көкшетау аумақтық филиалында 6200 партиялық, 46 алғашқы партиялық ұйым бар. Өткен жылдың өзінде партияның қалалық филиалының жанында қоғамдық қабылдауға 630 өтініш келіп түссе, оның 55 пайызы оң шешімін тапқан. Бұдан бөлек, жиында партияның алдағы 10 жылға арналған жоспары талқыланды. Оның ішінде білім, медицина салалаларын жетілдіріп, жастардың сапалы білім алуына ажғдай жасау, еңбекақы мөлшерін арттыру мәселелері ерекше көтерілді. Конференция жұмысында қала әкімінің орынбасары Амангелді Смайылов сөз сөйлеп, Елбасы Жолдауының жүзеге асырылу барысына тоқталды. Бүгінде облыс орталығындағы орташа еңбекақы мөлшері 125 мың теңгені құрап отыр. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны да жыл санап артып келеді. Бүгінде ол 14395 бірлікті құраған. Тағы бір маңызды мәселе - тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуге қатысты.

СНХ: АМАНГЕЛДІ СМАЙЫЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///// Көкшетауда соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы саласы қарқынды даму үстінде. Өткен жылы облыс орталығында 31 көппәтерлі тұрғын үй немесе 1500 пәтер салынған болатын. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 500 пәтерге артық. Бұдан бөлек, 2018 жылы бюджеттік қаражат есебінен 8 көппәтерлі тұрғын үй немесе 335 пәтер пайдалануға берілді. 12 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Ағымдағы жылы 19 тұрғын үйдің құрылысы жалғасатын болады, оның 17-сін немесе 600 пәтерді биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.    

РКС: Бұдан бөлек, Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында қалада құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Өткен жылдың өзінде 200 адамға аталмыш бағдарлама аясында несие берілген. Осылайша, Көкшетау республика бойынша 5-ші орынға шығып отыр. Мәжіліс депутаттары Көкшетауға жұмыс сапары барысында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде де болып қайтты. Депутаттар назарына «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбындағы көрме ұсынылып, көрмеге студенттердің өз қолымен жасаған ұлттық бұйымдары мен қолөнер туындылары, тарихи оқиғалар мен тұлғалар бейнеленген суреттер қойылды. Бұдан бөлек, халық қалаулылары өткен жылы ашылған медициналық факультеттің жұмысымен танысты. Бүгінде факультетте 200-ден астам студент жаңа материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен жарақтандырылған кабинеттерде білім алуда. Ал шетелдік студенттерге сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі. Жалпы бүгінде университетте 6700 студент білім алса, оның 1500-ге жуығы мемлекеттік грантпен оқып жатқандар.               

СНХ: ЖӘМИЛА НҰРМАНБЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ///Университетке келіп отырғандықтан, білім саласында болып жатқан жаңашылдықтарға тоқталып өткім келіп отыр. Әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған саясаттың ойдағыдай жүзеге асуы үшін қаржыландыру қажет. Осы орайда, білім саласына 2018 жылы республика бойынша 470 миллдиард теңге қаржы бөлінсе, 2021 жылы бұл сома 2 есеге дейін артып, 799 миллиард теңгені құрамақ.  

РКС: Университет ұжымымен өткен жиын барысында депутаттарға оқытушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Олардың қатарында, мұғалімдердің зейнет демалысын 5 жылға қысқарту, университет оқытушыларының шетелде біліктілігін арттыруға мемлекет тарапынан мүмкіндік жасау, шәкіртақы мөлшерін арттыруға қатысты ұсыныстар жасалды.    

ӘЙГЕРІМ МЕРЕКЕҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС БОЙЫНША ЖАҢАДАН 3 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ
19:42, 22 ақпан 2019
ОБЛЫС БОЙЫНША ЖАҢАДАН 3 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДАН ЖАРЫС ӨТТІ
14:58, 18 ақпан 2019
СОТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДАН ЖАРЫС Ө...
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
14:58, 18 ақпан 2019
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Толығырақ...
 «САНАЛЫ ҰРПАҚ – ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТ» ЖАС ПАТРИОТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖИЫНЫ
19:16, 18 ақпан 2019
«САНАЛЫ ҰРПАҚ – ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТ» ЖАС ПАТРИОТТАРДЫҢ РЕСПУБЛ...
Толығырақ...