ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС Толығырақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

18:51, 11 ақпан 2019

РКС: Мәжіліс депутаттары Жексенбай Дүйсебаев, Жәмила Нұрманбетова, Айгүл Нұркина мен Айзада Құрманова әуелі ғылыми - өндірістік орталықтың зертханаларын аралап, еңбек ұжымымен жүздесті. Астық шаруашылығындағы жаңашыл технологиялармен танысып, мамандардың көкейде жүрген түрлі сауалдарына жауап берді. Бұдан әрі халық қалаулылары Шортанды ауданының жұмысшы жастарымен кездесті. Жиында депутаттар Елбасының бастамасымен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялануына байланысты жастармен ой бөлісіп, пікір алмасты.  

СНХ: ЖЕКСЕНБАЙ ДҮЙСЕБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ///Танысып, қазір жағдайлары қандай екен, болашақтары қандай екен, қандай мұң-мұқтаждары бар екен. Жас ғалымдарды тыңдап, неге десеңіз Елбасы биылғы жылды жастар жылы деп атап өтті. Және де Жолдауда айтқан бастамалары бар. Мәселен ауылшаруашылығында еңбек өнімділігін екі жарым есе өнім өндіру. Цифрландыру. Осының барлығын талқыламақпыз. 

РКС: Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы ғалымдар сан жылдарды сарп етіп, өнімді мол беретін, әр түрлі ауруларға төзімді ауыл шаруашылығы сорттарын жасап шығарды. Дәл осы күні жоғарыда аталған селлекция авторларына жетістіктері үшін қаржылай сертификаттар табысталды. Кездесу барысында орталықтағы қатты бидай селекциясы зертханасының меңгерушісі Руслан Жылқыбаев өткен 2018 жылы «Дамса-2017» сортынан 46,5 центнер өнім алғандығын қуанышпен хабарлады.

СНХ: РУСЛАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, А.И. БАРАЕВ АТЫНДАҒЫ АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ///Елбасы биылғы жылды «Жастар жылы» ретінде жариялады. Сондықтан өте қуаныштымыз. Мен өзім осы Бараев орталығының зертхана меңгерушісімін. Менің зернахамның өзіне екі жас маман келді. Барлығының арманы жаңашылдықты дамыту. 15 жыл ішінде шығаратын сортты қазір 7-8 жылға қысқартып отырмыз. Жаңа көрдіңіздер 46 центнер алуға болатынын дәлелдеп отырмыз. ///

РКС:  Жиында сондай-ақ орталықтағы полигонды басқару орталығының жетекшісі Александр Лисенович «Цифрландыру: нақты егіншілік элементтері» жобасын таныстырды. А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылым-өндірістік орталығында жыл сайын ауыл шаруашылығының 90 мың үлгісі зерттеліп, 2 мыңға жуық будандастыру комбинациялары жүзеге асатынын айта кеткен абзал.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛУ ТИІС
18:17, 23 шілде 2019
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛУ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ СОТ АЛАҢЫНДА «ӘДІЛЕТ» СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
19:44, 17 шілде 2019
ОБЛЫСТЫҚ СОТ АЛАҢЫНДА «ӘДІЛЕТ» СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
200-ДЕН АСТАМ  ЖАС САРБАЗ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
16:17, 22 шілде 2019
200-ДЕН АСТАМ ЖАС САРБАЗ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МАҚТАЙ САҒДИЕВТІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ
19:07, 18 шілде 2019
КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МАҚТАЙ САҒДИЕВТІ ЕСК...
Толығырақ...