ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

17:03, 13 қаңтар 2020


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс депутаттарының Ақмола облысына жұмыс сапары жалғасуда. «Ақжол» фракциясының мүшесі Меруерт Қазбекова ақмолалық кәсіпкерлермен кездесіп, олардың көкейкесті сауалдарына жауап берді.   

Кездесу барысында ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде сөз қозғап осы салаларда болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер туралы айтып өтті. Халықты барынша кәсіпкерлікке тартып, жұмыссыздықты азайту мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Осы ретте «Бастау - бизнес» мемлекеттік бағдарламасы қолға алынған болатын.  

ТИМУР НАҚЫПБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Осы бағдарламаның аясында 2019-шы жылы біздің Ақмола облысының өзінде 4 мың 20-ға жуық кәсіпкерді оқытудан өткіздік. Оның ішінде 950-і жас кәсіпкер бағдарламасы бойынша. Яғни жастарға өзінің кәсібін ашуға оқудан өтіп, содан кейін мемлекеттік гранттар 100 айлық есептік көрсеткіш және 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік гранттар сол жас кәсіпкерлерге берілді.

Кездесу барысында жер қатынастары саласындағы түйіткілді мәселелер талқыланды. Өткен жылы жер қатынастары туралы Заңға енгізілген өзгертулерге қарамастан әлі де олқылықтар бар көрінеді. Мәселен жер комиссиясының жұмысы онлан режимде көрсетілмейді. Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова елдегі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына ерекше серпін беріп отырған облыстық кәсіпкерлер палатасының өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті.

МЕРУЕРТ ҚАЗБЕКОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Үкіметте де Парламентте де көптеген заңнамалық мәселелер көтеріледі. Біз осы өзекті сұрақтарды жергілікті жерде талқылаймыз. Халықпен ой-бөлісіп, пікір алмасамыз. Тиісті сауалдарға жауап береміз. Қолданысқа енгізілетін заң талаптарының дұрыс немесе бұрыс тұстарын саралаймыз. Өздеріңізге белгілі «Ақжол» демократиялық партиясы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселелерімен айналысады. Өткен жылғы кездесу барысында біз теміржол торабына қатысты бірқатар мәселелер көтерген болатынбыз. Нәтиже жоқ емес. Қазіргі таңда мемлекет деңгейінде тиісті заңнамалар қабылданды. Кәсіпкерлерді толғандыратын қазіргі мәселе ол мемлекеттік сатып алу жүйесі. Кездесулер барысында осы түйіткілдер төңірегіне тереңірек үңіліп, оны шешу жолдарын қарастыратын боламыз.

Кездесуге келген кәсіпкерлер өздерін толғандырып жүрген сауалдарға толыққанды  жауап алды. Іскер азаматтардың сан алуан мәселелері тұрғысында ұсыныс-пікірлерін тыңдаған халық қалаулысы айтылған түйіткілдерді Парламент қабырғасында көтеретіндігін жеткізді.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, ДАРХАН САҒЫН, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...