ШҰҒЫЛ! БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

М.МЫРЗАЛИН: «...ӨҢІРДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ – КҮН ТАЛАБЫ»

18:39, 19 мамыр 2017

Облыстық әкімшілікте өткен кезекті жиында негізгі үш мәселе талқыланды. Шара қатысушылары Ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындық, су қоймаларының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы, өртке қауіпті кезеңдерге әзірлік жөніндегі баяндамаларды тыңдады.

Биыл Ақмола облысында 4331 оқушы мектеп бітіреді. Олардың 214-і «Алтын белгіге», 97-сі үздік аттестатқа үміткер. Ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу жаңа формат бойынша екі кезеңге бөлінген. Алғашқысы – мектептегі емтихан ретінде өтетін қорытынды аттестация, екіншісі – жоғары оқу орнына түсуге арналған Ұлттық бірыңғай тестілеу.  

Қазіргі күні тестілеу пункттерінің толықтай жабдықталуы басты мәселеге айналып тұр. Өңірдің бас педагогы мектептерді аудиоаппаттармен қамтамасыз ету қажеттілігіне баса назар аударды. Дегенмен, Ұлттық бірыңғай тестілеудегі орташа балдың төмендігі қазір баршаны толғандырып отыр. Соңғы жеті жыл ішінде Ақмола облысы республика бойынша төменгі орындарда келеді. Тестілеу қорытындысы бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізу тестілеу пункттеріндегі жағымды психологиялық жағдайға байланысты екендігі айтылды. Мұндай жағдай өткен жылы Есіл қаласы, Астраханка селосы мен Щучинск қаласында жасалған. Ал, Көкшетау, Атбасар және Степногорск қалаларында кейбір түлектерді ауруханаға жеткізуге мәжбүр болған. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап «Нұр Отан» партиясы білім беру сапасын бақылауға алып, талдау жасаған. Жиында оның қорытындысы белгілі болды.  

Жиында Ұлттық бірыңғай тестілеудің дайындығы жөнінде қала және аудан әкімдеріне, білім бөлімінің басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, су қоймаларының санитарлық жағдайы мен өртке қауіп кезеңдегі шаралардың алдын-алу туралы мәселелер көтерілді.

Нұргүл Нұрбайқызы, Әсел Әутәліпова, Бауыржан Смағулов

Тақырып бойынша материалдар

БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
12:50, 19 сәуір 2018
БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
 «ЖАС ҒАБДУЛЛИНШІЛДЕР» ҚАТАРЫ МОЛАЯ ТҮСТІ
12:23, 19 сәуір 2018
«ЖАС ҒАБДУЛЛИНШІЛДЕР» ҚАТАРЫ МОЛАЯ ТҮСТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТА ТҮСТІ
12:22, 19 сәуір 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
12:46, 17 сәуір 2018
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
Толығырақ...