ШҰҒЫЛ! БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ Толығырақ

М.МЫРЗАЛИН: «...СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ»

16:12, 14 қараша 2017

Атбасардағы жағдай жіті бақылауға алынған. Мұнда апта сайын облыс басшылығы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өңірдегі су тасқынына қарсы іс шаралардың атқарылуымен танысып отырады.  Атбасар-Қима бағытындағы автожолды су өткізу орнымен жасақтау төтенше жағдай орын алып жатса, Жабай өзенінің су деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, қала маңындағы көпірлердің су өткізу әлеуеті еселеніп, өзен бойындағы құбатал, қамыс тәрізді өсімдіктер тазартылмақ. Бұл көктемгі сең мен мұздың кедергісіз ағып өтуіне жол ашады. 
Өңір басшысы тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға арналған 45 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысымен де танысты. Қазір ғимараттардың соңғы қабаттары салынып, нысанға жылу беру жүйелерін тарту ісі қолға алныған. Мердігерлер жұмысты уақытында аяқтаймыз деп сендірді.
Облыс әкімі Мәлік Мырзалин атбасарлықтармен бетпе-бет жүздесіп, көкейкесті сауалдарына жауап берді. Тұрғындарды мазалаған мәселелер қатарында, жаңа пәтерлердің аумағын белгілеу шарттары, қауіпті аймақтағы бау-бақша, өзге де қосымша табыс көзерінің келешегі, екінші лекпен баспана алатын азаматтарға жалдамалы пәтер құнын өтеу тәрізді сауалдар бар. 
Жиын барысында облыс әкімі Атбасар аудандық ауруханасының заманауи құрылғылармен жабдықталып, осы өңірдегі негізгі медициналық мекемеге айналатынын айтты. Сонымен қатар, облыс басшылығы апта сайын азаматтарды қабылдап, әр мәселені жеке қарастыруға әзір екенін ескертті.  
Ауғанбек Манарбекұлы

Тақырып бойынша материалдар

ЭСТРАДАЛЫҚ-ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНЕ – 35 ЖЫЛ!
18:36, 17 қараша 2017
ЭСТРАДАЛЫҚ-ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНЕ – 35 ЖЫЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
14:44, 17 қараша 2017
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
Толығырақ...
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
14:45, 17 қараша 2017
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
Толығырақ...