ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

М.МЫРЗАЛИН: «..ЖҰМЫЛА ЖҰМЫС АТҚАРУ КЕРЕК»

19:53, 6 желтоқсан 2018

РКС: Жиын барысында әуелі Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың ағымдағы жылдың 10 айында атқарған жұмыс нәтижесі тыңдалды. Биыл қалада «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылған.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ //// Ағымдағы жылдың  10 айында 80,3 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Ауыл шаруашылығы секторында шығарылған өнім көлемі 4 миллиард 158 миллионға жуықтады. Негізгі капиталға салынған инвестиция 30 млрд теңгеден асып жығылады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 миллиард теңгеге артық. Құрылыс саласы бойынша өндірілген өнім 26,6 миллиардтан асып жығылады. Сіздің тапсырмаңыз бойынша облыс орталығындағы өндіріс ошақтары жіті бақылауға алынған. Жыл басынан бері индустриялық картасынан бөлек жалпы құны 2 миллиардтан асатын жаңадан 12 кәсіпорын іске қосылды. ///  

РКС: Жиын барысында бірқатар басқарма басшылары атқарылған жұмыстарын баяндады. Алдағы 2019 - шы жылдан бастап «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында қоғамдық көліктерде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, яғни электронды билет тарату, автоматты бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. 

СНХ: ӘСИЯ ШӘРІМОВА, КӨКШЕТАУ АВТОБУС ПАРКІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ /// Бұл «тиімді маршрут» жобасы. Терминал арқылы жол жүру ақысын төлеу және автоматы бақылау жүйесін енгізуге байланысты дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде қажетті серверлер мен 200-ге жуық терминалдар сатып алу үшін тиісті компаниялармен келісімшарт жасалды. Сонымен қатар, жаңа жүйеге көшуге байланысты автобус паркі қызметкерлерін оқыту мәселелері қолға алынған. ///

РКС: Ағымдағы жылы облыс орталығында 153 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Соңғы үш жылда көпқабатты 21 баспана бой көтерсе, алдағы жылы тағы көпқабатты 17 тұрғын үй салу көзделген.  

СНХ: МӘЛІК МЫРЗАЛИН, ОБЛЫС ӘКІМІ /// Атқарылған жұмыс көп әрине. Алайда, оның саны мен сапасы сәйкес келе бермейді. Әрбір қолға алған жұмыстың нәтижесіне жіті назар аудару қажет. Алдағы ауқымды жоспарлар күтіп тұр. Жұмыла жұмыс жасау керек. ///

РКС: Облыс әкімі Мәлік Мырзалин қала әкімдігіне мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылып отырған жалпы құны 3,8 миллиард болатын 29 жобаның жұмысын барынша ширатуды тапсырды. Сондай-ақ, жылу беру мекемелерінің жұмысын  жіті бақылауға алып, коммуналдық тарифті реттеуге қатысты нақты міндеттер жүктеді.  

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА ТОЛЫМДЫ ТАРТУ
19:33, 13 желтоқсан 2018
ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА ТОЛЫМДЫ ТАРТУ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ  ЖОБАСЫ БЕКІТІЛДІ
19:33, 13 желтоқсан 2018
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ЖОБАСЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
18:18, 7 желтоқсан 2018
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА».  БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
18:18, 7 желтоқсан 2018
«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...
АҚАН СЕРІ  ТУЫНДЫЛАРЫ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ КЛАССИКАЛЫҚ ЖАУҺАРЫ!
19:47, 7 желтоқсан 2018
АҚАН СЕРІ ТУЫНДЫЛАРЫ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ КЛАССИКАЛЫҚ ЖАУҺАРЫ!
Толығырақ...