ШҰҒЫЛ! 23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ Толығырақ

МҰҒАЛІМ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

15:37, 14 қаңтар 2020

Ақмолалық ұстаздар "Педагог мәртебесі туралы" Заңды қуанышпен қабыл алды. Олар өз ой-пікірлерін ҚР Парламенті сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұловпен болған кездесуде ашық жеткізді. Жоғары палата өкілі Щучинск қаласындағы орта мектептің және колледждердің ұжымдарымен жүздесті.

Жаңа заң мұғалімдердің құқықтарын кеңейтуді және қызметіне тән емес жұмыстан босатуды көздейді. Бұдан былай мұғалім құқығын таптап, абыройына нұқсан келтіргендер жауапкершілікке тартылады. Қаржылық қолдау да жақсы. Ұстаздардың жалақысы алдағы 4 жылда екі есе артпақ. Биыл 1 қаңтардан бастап еңбекақылары 25 процентке өсті.

БАҚЫТЖАН ЖҰМАҒҰЛОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Ұстаздарымыз осы мемлекеттің осындай қолдауын үлкен жауапкершілікпен қабылдап, өзінен-өзі осы заң жұмыс істеп кеткенімен, бұның көбі біздің ұстаздарға байланысты. Ұстаздар қалай әрі қарай алып кетеді?! Беріп жатқан сабақтары әлем деңгейіне сай болу керек. Осыған үлкен жауапкершілікпен қарап жатқанына бүгін мен осы 3-4 кездесуді түйіп алдым.  

Сондай-ақ, түрлі халықаралық олимпиада жеңімпаздарын дайындағандарға қосымша қаржы  төленбек. Сынып жетекшілігі, тәлімгерлік, педагогикалық шеберлік, магистрлік дәрежесі үшін де қосымша ақы қарастырылған. Бұл заңды жүзеге асыру үшін 2024 жылға дейін 5 триллион 3 миллирад теңге бөлінеді.

АҚЫЛБАЙ ТЕМІРОВ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Мынау биылғы жаңа жылымыз жақсы жаңалықпен басталды. Мұғалім мәртебесіне байланысты Заң қабылданды. Бұл, ертеден көтеріліп келе жатқан заң болатын. Өз шешімін тапты деп ойлаймын. 90-жылдары тоқырау кезінде білікті мамандар колледждерден, мектептерден кетіп қалды. Одан кейін мамандарды даярлау құлдырап кетті деп айтуға болады. 

Ұстаздар "Педагог мәртебесі туралы" заңының қабылдануы алдағы уақытта салаға білімді мамандардың келуіне сеп болады деп сенеді. Қазіргі мұғалімдерді ынталандыратыны да сөзсіз.    

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
19:16, 23 қазан 2020
АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
18:25, 23 қазан 2020
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...