ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

МҮГЕДЕКТЕР АРБАСЫ БОЙЫНША РОЛИК МӘТІНІ

15:52, 8 қараша 2019


Жылдамдық, жайлылық, ал ең бастысы, ыңғайлылық. Динара Әлиева өзінің су жаңа арбасын осылай сипаттап отыр. Жас қыз церебральді паралич дертіне шалдыққан. Қазір ол автоматтандырылған электр желісі бар арбаны сынақтан өткізуде.

ДИНАРА ӘЛИЕВА, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ  

Маған «Тыныс» кәсіпорнынан хабарласып, жаңа арбаға ие болу мүмкіндігім бар екені жайлы айтты. Мен отандық өнімнің алғашқы иесі атанады екенмін. Өте қуаныштымын. Мен мүмкіндігі шектеулі әрбір азаматтың осындай арбаға қолы жетсе екен деймін, демеушілер табылып, көмектессе деймін. Бұл арбаның артықшылығы көп. Мәселен, мен лифтімен өзім жүре аламын. Бір күні лифтіден жалғыз түсіп едім, анам мені жоғалтып алып, қатты қорқып қапты.

Динара қазір өзінің бұрынғы арбасына отырғысы келмейді. Өйткені, жаңа арбаны зарядтап алып, онымен 8 сағат бойы тынымсыз қозғалыста жүруге болады.

Алғашқы  үш арбаны «Тыныс» зауытының мамандары арнайы сатып алынған үлгіге қарап отырып, қолмен жинаған.

СЕРГЕЙ ЮДИН, «ТЫНЫС» КӘСІПОРНЫ КОНСТРУКТОРЛЫҚ БЮРОСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Ұсыныс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен түскен болатын. Сөйтіп, 2018 жылы электр желісі бар арбалардың өндірісін қолға алдық. Алдымен, техникалық тапсырыс бойынша оның алғашқы сұлбасын жасап,  2018 жылдың мамыр айында ұсындық. Жасалған арбаның қысқаша техникалық сипаттамасына келсек, оның жалпы салмағы 70 келі, бір аккумулятормен жүру қашықтығы 15 шақырым, екеумен сәйкесінше 30 шақырым. 140 келі салмақты көтере алады. Электрқозғалтқышының қуаты 250 Ватт, жылдамдығы сағатына 7 километр.

Конструктор Владимир Григорьевич Федянов электр желісі бар автоматтандырылған мүгедектер арбасының көкшетаулық үлгісінің авторы болып табылады.

ВЛАДИМИР ФЕДЯНОВ, «ТЫНЫС» КӘСІПОРНЫНЫҢ КОНСТРУКТОРЫ  

Мүгедектер арбасының көкшетаулық үлгісін жасамас бұрын мен мүгедектерге көмек көрсету бойынша халықаралық Конвенцияның техникалық талаптарымен таныстым. Одан басқа да қажет деген барлық кітаптарды оқып шықтым. Мына жасалған арбаның дөңгелегі мен электроникасынан басқасы осы зауытта өндірілген.

Алдағы уақытта арбаның өзіндік салмағын азайтып, құрылымын жетілдіру жоспарланып отыр. Содан кейін ғана аталмыш арбаларды толыққанды өнеркәсіптік өндіріске енгізу күтіледі. Алдын ала болжам бойынша зауыттың өндірістік қуаты жылына 1200 арба шығару. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіпорынның тәжірибесі мен ресурс қоры жеткілікті.

Тақырып бойынша материалдар

БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
19:38, 6 желтоқсан 2019
БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
19:20, 6 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

16:38, 6 желтоқсан 2019
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
16:32, 3 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
16:28, 3 желтоқсан 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...