ШҰҒЫЛ! ШЕТЕЛДІК АВТОКӨЛІКТЕР ҮШІН АРНАЙЫ МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР БЕРІЛЕДІ Толығырақ

МҮГЕДЕКТЕР ҮШІН ЭЛЕКТРЛІ АРБАЛАР

15:51, 8 қараша 2019


Көкшетауда «Тыныс» кәсіпорнының базасы жылына мыңнан астам мүгедектерге арналған электр желісі бар арбалар  шығаруға қауқарлы. Қазір екі ақмолалық тестілік нұсқада шыққан керемет техниканы пайдаланады. Оларға арба тегін берілді.  Өндіріс сатысында тағы 5-і бар. Осы уақытқа дейін қол креслоларын пайдаланатын мүмкіндігі шектеулі жандардың енді осы жаңа техниканы алуға үміттері бар.

Жылдамдық, жайлылық, ал ең бастысы, ыңғайлылық. Динара Әлиева өзінің су жаңа арбасын осылай сипаттап отыр. Жас қыз церебральді паралич дертіне шалдыққан. Қазір ол автоматтандырылған электр желісі бар арбаны сынақтан өткізуде.

ДИНАРА ӘЛИЕВА, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ  

Маған «Тыныс» кәсіпорнынан хабарласып, жаңа арбаға ие болу мүмкіндігім бар екені жайлы айтты. Мен отандық өнімнің алғашқы иесі атанады екенмін. Өте қуаныштымын. Мен мүмкіндігі шектеулі әрбір азаматтың осындай арбаға қолы жетсе екен деймін, демеушілер табылып, көмектессе деймін. Бұл арбаның артықшылығы көп. Мәселен, мен лифтімен өзім жүре аламын. Бір күні лифтіден жалғыз түсіп едім, анам мені жоғалтып алып, қатты қорқып қапты.

Динара қазір өзінің бұрынғы арбасына отырғысы келмейді. Өйткені, жаңа арбаны зарядтап алып, онымен 8 сағат бойы тынымсыз қозғалыста жүруге болады.

Алғашқы  үш арбаны «Тыныс» зауытының мамандары арнайы сатып алынған үлгіге қарап отырып, қолмен жинаған. Электр желісі бар  арбалар нұсқасының авторы "Тыныс" кәсіпорнының қарапайым конструкторы Владимир Федянов.

ВЛАДИМИР ФЕДЯНОВ, «ТЫНЫС» КӘСІПОРНЫНЫҢ КОНСТРУКТОРЫ  

Мүгедектер арбасының көкшетаулық үлгісін жасамас бұрын мен мүгедектерге көмек көрсету бойынша халықаралық Конвенцияның техникалық талаптарымен таныстым. Одан басқа да қажет деген барлық кітаптарды оқып шықтым. Мына жасалған арбаның дөңгелегі мен электроникасынан басқасы осы зауытта өндірілген.

СЕРГЕЙ ЮДИН, «ТЫНЫС» КӘСІПОРНЫ КОНСТРУКТОРЛЫҚ БЮРОСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Ұсыныс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен түскен болатын. Сөйтіп, 2018 жылы электр желісі бар арбалардың өндірісін қолға алдық. Алдымен, техникалық тапсырыс бойынша оның алғашқы сұлбасын жасап,  2018 жылдың мамыр айында ұсындық. Жасалған арбаның қысқаша техникалық сипаттамасына келсек, оның жалпы салмағы 70 келі, бір аккумулятормен жүру қашықтығы 15 шақырым, екеумен сәйкесінше 30 шақырым. 140 келі салмақты көтере алады. Электрқозғалтқышының қуаты 250 Ватт, жылдамдығы сағатына 7 километр.

Алдағы уақытта арбаның өзіндік салмағын азайтып, құрылымын жетілдіру көзделген.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МӘДИНА СМАҒҰЛОВА,  БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘРДЕМАҚЫ
18:47, 28 қаңтар 2020
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘРДЕМАҚЫ
Толығырақ...
ШЕТЕЛДІК АВТОКӨЛІКТЕР ҮШІН АРНАЙЫ МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР БЕРІЛЕДІ
18:47, 28 қаңтар 2020
ШЕТЕЛДІК АВТОКӨЛІКТЕР ҮШІН АРНАЙЫ МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «БІЗ БІРГЕМІЗ» ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСТЫ
16:34, 28 қаңтар 2020
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «БІЗ БІРГЕМІЗ» ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

16:16, 24 қаңтар 2020
АБАЙ-ҚАРАПАЙЫМ ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ КӨЗІМЕН...
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ПЫСЫҚТАЛДЫ
18:01, 27 қаңтар 2020
КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АБАЙ-ҚАРАПАЙЫМ ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ КӨЗІМЕН...
18:29, 24 қаңтар 2020
АБАЙ-ҚАРАПАЙЫМ ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ КӨЗІМЕН...
Толығырақ...