ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ! Толығырақ

МҮГЕДЕКТІҢ МҮДДЕСІ УАҚЫТЫЛЫ ЕСКЕРІЛСЕ ИГІ

18:56, 9 тамыз 2019

РКС: Жол апатына түскен Талғат Құрманбаевтың екі аяғы 3 жерден сынған. Науқасты аяғына тұрғызу үшін жерглікті дәрігерлер тарапынан сан мәрте ота да жасалған. Аяқтарының 3 жерінен пластинкалар салынған. Отырып, тұруы мен жүруі қиындаған баласының халін көріп, жүрегі ауырған әке Әндеш Құрманбаев оған тиесілі балдақ, таяқ пен арбалар мүгедектік берілген күннен бері әлі табысталмағанын айтып налуда.

СНХ: ӘНДЕШ ҚҰРМАНБАЕВ, ӘКЕСІ: Қазір мысалы наркозбен операция жасайды. Пластикаларды алып тастайды. Осы кезде мысалы коляска керек болады. Балам керек емес дейді. Ол қайдан біледі. Операция қалай өтетінін. Мүмкін коляске болып қалар. Енді жүруі онша емес. Ақырын жүреді костыльмен. Жарты сағаттай түседі 5 этаждан. Көтерілуі одан да ұзақ.  Ана костыльді биреуден сұрап алдық. Ол кішкене онша емес. Қысқа. Оны өзгертіп, басқа болт тартып, істедік. Енді тосамыз не істейміз.

РКС: Қиыншылық сәтте шыдамды болу аса қажет, әрине. Дегенмен, Талғат Құрманбаевқа 1-ші топтағы мүгедектігі 1 жылға ғана берілгенін ескеру керек. Ал, сол мерзімнің жартысы өзіне тиесілі балдақ пен арбаларды күтумен өткен.

СНХ:ҚАЙРАТ ШЕРИАЗДАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мүгедектіктің мерзімі науқастың денсаулығына байланысты қойылады. Егер медициналық оңалту шараларынан кейін ол адамның денсаулығы жақсарып жатса, онда мүгедектік мерзімі шектеле бастайды.   

РКС: Тау тасты аралап, қай жерге барып, қай есікке сығаларын білмеген әке наразданып біздің арнаға өз уәжін айтты. Оның айтуынша балдақ, таяқ пен арбалар беретін жердегі мамандар «Күнде ертең»,- деп  уәдеге тойдырып, шығарып салып отырған. Налыған әкенің уәжін біз арқылы естіген облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары Құрманбаев Талғаттың проблемасын бұрын соңды естімегендерін, келесі аптада-ақ балдақ берілетінін айтып ағынан жарылды.

СНХ: ӘСЕМ ІЛИЯСОВА,   ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Балдақ пен таяқ кезек бойынша келесі аптада беріледі. 19 аудан бойынша өз кезегін күтуі керек. Бүгінде біз 2018 жылы және 2019 жылдың басында кезекке тұрғандарды қамтамасыз еттік. Ал Талғат Құрманбаев бізге сәуір айында келіп өтініш жасаған. Сондықтан, жоспар бойынша алынған арбалар кезегі жетпегендіктен оған берілмеді. Енді, үшінші тоқсанда қосымша бюджеттік қаржыға тағы да арбаларды сатып алу жоспарымызға қойылған. Осы жылы яғни, қыркүйек айында науқасқа арбалар беріледі деп ойлаймыз.

РКС: Талғат Құрманбаев балық аулауды жаны сүйеді. Өткен жылдың қыркүйек айында жанына жақын іспен айналысамын деп жүріп, жол апатына ұшырарын, одан үйге мүгедек болып ораларын кім сезген. Оның үстіне, мүгедектігім үшін берілетін балдақтар мен арбаларды осынша уақыт күтемін деп мың ұйықтасам, түсіме де кірмепті,-дейді ол.

СНХ: ТАЛҒАТ ҚҰРМАНБАЕВ, І-ШІ ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕК: Балдағын да, басқасын да алған емеспін. Мынау балдақты сұрап алдық. Мен үшін кішкентай олар. Маған тиесілі заттарды күтіп жүргеніме 7 ай өтті. Қыркүйек айында береміз дейді. Ол кезде мен аяққа тұрып, жүріп те кетермін, кім білсін.

РКС: Талғаттың мүгедектігіне  байланысты берілетін құрал-саймандар айтылған мерзімінен бұрын берілсе игі. Себебі, жанын шүберекке түйген әке мен денсаулығына сызат түскен баласы аяғына таңылған пластинкаларын алу үшін тағы да ота жасалып жатса,  уақытылы берілмеген балдақ, таяқ пен арбаларды тағы да күтуге мәжбүр болмасымызға кім кепіл,-дейді олар.

Айгүл Бекетқызы, Көкше ақпарат.

Тақырып бойынша материалдар

САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
18:31, 16 тамыз 2019
САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
18:28, 16 тамыз 2019
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
Толығырақ...
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
18:22, 16 тамыз 2019
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ -  ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
15:27, 12 тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
Толығырақ...
ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...