ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

МҰҚТАЖ ОҚУШЫЛАРҒА КОМПЬЮТЕР БЕРІЛЕДІ

19:52, 6 тамыз 2020

ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым Министріне жаңа оқу жылында әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігін тапсырған болатын. Республика бойынша осындай статусқа ие 500 мың оқушы компьютермен қамтамасыз етілмек. Ал біздің өңірде бұл жұмыс қалай жүзеге асырылады? Тілшіміз Ердігүл Дәдібасқызы тарқатады.

РКС: Айнұр Төлеужанқызы – 5 баланың анасы. Үлкені 7-сыныпқа аяқ басса, кенжесі 1 жасқа енді толған. Жұбайы – қарапайым жұмысшы. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мына үйдің «времянкасын» жалдап тұрады. Өзінікі болмаған соң, бізді баспанасына кіргізе алмады. Сыртта сұхбаттастық. Отағасының тапқан нәпақасы ас-суынан аспайтын оның балаларына гаджет, смартфон алып беруге жағдайы жоқ екені айтпаса да түсінікті. Жергілікті білім басқармасы оның балаларын қараусыз қалдырмай келеді екен.   

СНХ: АЙНҰР БАЙБОЛОВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА: //қаз// Мектептен бізге жақсы көмек жасайды.+Скл Бізге ана жылы да ноутбук берді, биыл да ноутбук берді. Балаларға тегін тамақ, школьная форма, кітаптарын әкеп берді. Рахмет, алғысым шексіз!    

РКС: Айым – үйдің үлкені. Өткен тоқсанда мектеп берген ноутбукпен қашықтан білім алған. Бір үйдегі 4 оқушыға 1 ноутбук аздық етері анық. Биыл енді оның сіңлісі мен інісіне тағы 2 ноутбук берілмек. 

СНХ: АЙЫМ БАЙБОЛОВА, №21 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ: //қаз// Бізге ноутбук берген соң сабағымды 4-ші тоқсанда жақсы аяқтадым.+Скл Мұғалімдер бізге видеомен тапсырмалар береді, біз соны орындаймыз. Маған ноутбукпен өте ыңғайлы болды.

РКС: Білім басқармасының мәліметінше, жаңа оқу жылына аяқ басатын 132 мың оқушының 2 мың 600-інің жеке компьютері жоқ, бұл шамамен 2 процентті құрайды. Биыл облыстық бюджеттен бөлінген 600 миллион теңгеге 1 мың 460 компьютер алынған. Оқу басталғанша, тағы 342-сі алынбақ.

СНХ: БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ: ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: //қазақша// Және де Үкімет тарапынан биылғы жылы біздің жоспар бойынша 23 мың 42 компьютерлік техникаға республикалық бюджеттен 3 жарым миллиардтай қаржы бөлу  сұрағы шешіліп жатыр. Сонда қашықтан оқытуға 305 мектеп көшкен кезде барлық оқушыны компьютермен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі. +Скл Ең бірінші әлеуметтік жағдайы төмен, жетім балаларды қамтамасыз етеміз.

РКС: Интернет желісі нашар ұстайтын елдімекендегі оқушыларға флэш-карта берілмек. Аталмыш карта ғаламторға емін-еркін қосылуға мүмкіндік береді. Бүгінде аймақ оқушыларының 96 проценті интернет желісіне қосылу мүмкіндігі бар. Ал шалғай елдімекендегі мектепте қалыпты режимде оқу жалғасады. Бұл шамамен жалпы оқушылар санының 7 процентін құрайды.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...