ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА БАСПАНА

13:50, 14 мамыр 2020

ДИКТОР:Жарқайың ауданында 486 отбасы баспана алу кезегінде тұр. Жыл соңына дейін 60 отбасы көптен күткен пәтерлеріне қол жеткізбек. Баспаналы болып, қоныс тойын тойлағандар пәтерлерінің сапасы жайлы не дейді?

 

РКС: Надежда  Ложкина өткен жылы қоныс тойын тойлаған. Бұл оның алғашқы жеке баспанасы. Қуанышында шек жоқ. Айтуынша ұзақ жыл пәтерден пәтерге көшіп, көп қиындық көрген. 2013 жылдан  бері баспана кезегінде тұрған. Екі баланың анасы бастауыш сыныптың мұғалімі. Былтыр пәтер кілтін табыстаған кездегі бақытты сәтін ұмыта алмайтындығын жеткізді.   

 

СНХ: НАДЕЖДА ЛОЖКИНА, ДЕРЖАВИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ /// Маған жаңа  салынған үйден пәтер берілді. Көптен күткен баспанамыз. Пәтеріміз жап-жарық. Қыста жылы. Пәтермен қоса сыйлыққа  газ плитасы, Аристон табыстады. Дәретхана және жуынатын  бөлмені толық жабдықтап берді. Жастарға арналған осындай бағдарламаның барына қуаныштымыз. Көп рахмет.

 

РКС: Бюджеттік мекемелердің Надежда сынды тағы 25  қызметкері баспаналы болды.  Сондай-ақ, көпбалалы 13 отбасы мен 12 жетім бала өткен жылы қоныс тойын тойлады.   

 

СНХ: ӘСИЯ ХАЙРУЛЛИНА, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ //РУСС///  Жарқайың ауданында  мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға 486 адам кезекте тұр. Олардың ішіндегі 95-і жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 142-сі   халықтың әлеуметтік осал тобы, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың 248  қызметкері.

 

РКС: Аудан басшылығы құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді жоспарлап отыр. Қараша айында 60 пәтерлі тұрғын үйді тапсырылады деп күтілуде. Құрылыс «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Енді кезекте тұрғандар армандаған пәтерлеріне қол жеткізбек.

 

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ, САНИЯ КӨПЖАСАРОВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ. «КӨКШЕ - АКПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...