ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ҮШІН КЕДЕРГІСІЗ ОРТА

17:03, 13 қаңтар 2020

 


2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүмкіндігі шектеулі жандар  әлеуметтік қызметтер порталынан өмір сүруде рөлі аса маңызды 24 техникалық көмекші құралдар түрін өз бетінше сатып ала алады.  Нақты қандай қызметтер қарастырылғанын әкімдіктің сайтынан,  сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің көмегімен білуге болады.  Жартыжылдықтан бастап барлық бизнес түрлерін енгізу жоспарланып отыр. Оның ішінде жеке көмекші, ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну. Сонымен қатар, жеке тәсілді талап ететін-мүгедектер арбалары мен протездік-ортопедиялық көмек соңғы кезеңде енгізілмек.

Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану үшін мүмкіндігі шектеулі азаматтар орталыққа келіп, электронды цифрлық қолтаңбаны алу керек. Мұнда арнайы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары құрылған, мұндай аймақтар облыстық жұмыспен қамту орталықтары жанында да бар. Гүлім Байқошқарова үшінші топтағы мүгедек. Туғаннан есту қабілетінен қағылған жан. Мектепте есту аппаратының көмегімен білім алып,  90-шы жылдары «Фарфор» зауытында жұмыс жасаған. Бүгінде екі бала тәрбиелеп, немерелерінің қызығын көріп отыр. Гүлім Байқошқарованың айтуынша қарапайым адамдар үшін әр күн бір қалыпта басталатын болса, менде басқаша,-дейді.

ГҮЛІМ БАЙҚОШҚАРОВА, III ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕК

Тек есту аппаратының арқасында ғана   бәрін  ести аламын.  Ол, әрине, жақсы көмектеседі. Машиналардың дыбысы, бәрін естимін, аппаратсыз  ештеңе ести алмаймын.  Ал егер біреу айқайласа, аппаратсыз болсам  қорқып кетемін.    

Мамандардың айтуынша,  тифлотехникалық және басқа да құралдармен қамтамасыз ету бойынша қаржыландыру өткен жылдармен салыстырғанда, 2019 жылы 141 млн. теңгеге артқан.

ӘСЕМ ІЛИЯСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ  ЖЕТЕКШІСІ

2014 жылдан бастап жыл сайын көру, есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған жол белгілерін орнату, жаяу жүргіншілер өткелдерін қайта жабдықтау  үшін республикалық трансферт бөлінеді, сондай-ақ әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарында кедергісіз орта құруға қатысты 1772 жұмыс  жүргізілуде.  Қазіргі уақытта барлық физиологиялық қажеттіліктерді ескере отырып, бейімделудің қосымша шаралар кешені бойынша жұмыс жүріп жатыр. 

Бүгінде Көкшетау қаласында көзі көрмейтін адамдарға арналған бірнеше әлеуметтік маңызды нысандар жабдықталған. Атап айтсақ,  Әуелбеков пен Назарбаев көшелері бойындағы екі емхана, қос бірдей театр  "Достар", "Көкшетау" мәдениет сарайлары мен теміржол вокзалы. Бұл жұмыс «Жол картасы-2023» бағдарламасы аясында жалғасын таппақ. 2014 жылдан бастап облыс бойынша 341 белгі қойылып, 32 жаяу жүргіншілер жолы қайта жабдықталған.   

ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР
КӨЛIГI ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ
ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жыл сайын қолға алынып отыратын мүгедектердің "кедергісіз ортасын қамтамасыз ету" бағдарламасы бар,  өңірдің әрбір аудандары мен қатар облыс орталығында  дыбыс бағдаршамдарын орнатуға қаржы бөлінеді.  Жыл сайын кем дегенде  2 бағдаршам іске қосылады. 

Жалпы алғанда 2019 жылы кедергісіз орта құру бойынша керекті  жұмыстар жүргізілді. Бұл жолдардағы дыбыстық бағдаршамдар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы жер үсті жабыны.  Мамандар протездік-ортопедиялық көмек, мүгедектер арбалары, есту аппараттары және тифтотехникалық жабдықтармен қамтамасыз ету ең қымбат іс-шаралар екенін айтап өтті.

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ, ЖАМАЛ ҒАБДУЛЛИНА,  БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар