ШҰҒЫЛ! ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ. ӨРКЕНДІ ІС. АЙШЫҚТЫ БАҒЫТ Толығырақ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ЖЕРДЕ ҚАЛМАЙДЫ

15:04, 14 ақпан 2020

Халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты облыс бойынша  «Ашық есік күндері» өтуде. Мамандар әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды тағайындау, мүгедектердің құқықтары мен мүддесін қорғауға бағытталған заңнамалардың қолданылуына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кеңес берді. Кездесу барысында мамандардың көмегіне 500-ден астам ақмолалық жүгінген. Олардың ішінде ұсыныспен келгендер де бар.

«Ашық есік» күніне алғашқы боп келгендердің бірі Қарлығаш Кәрімова. Ол жеке басының мәселесімен емес, өзі сияқты мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өтінішін арқалап келген. Яғни, белгілі бір құжатты рәсімдеу үшін олардың бір мекемеден екіншісіне баруына тура келеді. Ал, осындай көктайғақта бұлай сабылып жүру он екі мүшесі сау адамның өзіне оңай соқпасы анық. Сондықтан, көкшетаулық тұрғын әлеуметтік қызмет көрсететін жауапты мекемелер бір ғимаратта орналасса деген ұсынысын алға тартып отыр.

СНХ: ҚАРЛЫҒАШ КӘРІМОВА, І-ШІ ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕК///қаз. Бәрі адамдар үшін деп айтады. Бірақ шындығына келгенде олай емес болып шығады. Цонға барсам, Локомотивнаяға жібереді. Анда-мында жүріп қаламыз. Бір жерден мәселе шешілетіндей кабинет пе, орган болғаны дұрыс деп сұрағаным ғой. Скл. 1 группа болғасын тифломагнитолла, компьютер береді, Пушкина 23-ке бар дейді. ИПР-ді обновлять ету керек. Нақты бір жерден ешкім түсіндіріп айтпайды. Біздің праволарымызды ешкім түсіндіріп айтпайды.///

РКС: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру қажет деген болатын. Сондықтан, халық тарапынан түскен бұл ұсыныс та жерде қалмайтын сыңайлы. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының жетекшісі Дина Ахметжанова  халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін мамандарды бір мекемеде орналастыру мәселесі қаперде бар екенін айтады. Алайда, ол үшін ең алдымен ғимарат қажет. Әзірге бұл жоба жүзінде қалып отыр. Ал, жалпы, ашық есік күні көкшетаулықтарға түрлі бағытта кеңестер берілді.

СНХ: ШОЛПАН РАХМАТУЛЛИНА,  ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгін қаралған мәселелердің қатарында мүгедектікті растау құжатын рәсімдеу, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру және оралмандар мәртебесін алу бар. Осы мәселелер бойынша тиісті кеңестер беріп, көмек көрсету үшін сала мамандары арнайы  жиналды. Сұрақтардың барлығы сарапталатын болады. 

РКС: Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қабылдау өткізіп, ашық есік күнін ұйымдастыру өткен жылы бастау алған болатын. Жоспар бойынша осындай қабылдаулар тоқсанына бір рет өткізілуі тиіс. Бірақ, халықтың өтініштеріне қарай ай сайын жүргізу ұйғарылып отыр.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЕКПІН ЕРЕКШЕ БОЛМАҚ
21:36, 14 ақпан 2020
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЕКПІН ЕРЕКШЕ БОЛМАҚ
Толығырақ...
 ОБЛЫСТАҒЫ 6 БІЛІМ ОШАҒЫНДА ҮШ АУЫСЫМДА ОҚУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
19:41, 14 ақпан 2020
ОБЛЫСТАҒЫ 6 БІЛІМ ОШАҒЫНДА ҮШ АУЫСЫМДА ОҚУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
18:51, 13 ақпан 2020
«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
Толығырақ...
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІЛІГІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР
15:31, 12 ақпан 2020
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІЛІГІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮР...
Толығырақ...